Мазмұнға өту

Жаңа

Неғылған, бітпейтін дағдарыс?(!)

Президент те пенде. Оның да өз мүддесі, көздеген мақсаты (өз қалтасы) бар. Бір сөзбен айтсақ, еліне бір пайдам тисін деген ішкі дәмесі болады. Осы аптада, әлемді дүр сілкіндірген Пекин форумының мақсаты да осы. Бізге көптеу керек, оған сәл аздау болса да жетеді деген «мендік» психологияны бұл жолы да дәлелдеді. Бірақ, бәрі дипломатиямен, ым-жыммен көрсетті. Былай қарағанда, бәрі дұрыс. Бәрі, қалтаны қампитып риза болғандай көрінді. Бірақ, шын мәнінде, кім ұтты? Қай тарап ұтылды, оны уақыт көрсетеді... Бастысы, Қазақстан ұтылмасын деп тілейік. Өзгені қайтеміз, өзімізден бастайық. Бұл «белдеу» Ресей мен Қазақстан арқылы Еуропаға алып баратын «алтын» қақпа рөлін атқарады. Қазақстан мен Қытай жанталасып жатыр, қазір. Қытай осы «алтын» жолдың болашағы үшін (инфрақұрылымы мен жол-полдарын жасау…

0
0
460

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша азаматтарға арналған қабылдау

2017 жылдың 19 мамырда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің бірінші бөлімінде азаматтарға жеке қабылдаулар жүргізілді. Осы шара барысында тұрғындар мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша сұрақтарға жауап алып, өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын берді. Сонымен қатар мемлекеттік қызметтерді алушылардың құқықтары мен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына шағымдану тәртібі мазмұндалған ақпараттық парақшалар үлестірілді.

0
0
323

«Мемлекеттік қызметтерді алушылардың құқықтарын білесіз бе?» акциясы

2017 жылдың 19 мамырында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің бірінші бөлімінде «Мемлекеттік қызметтерді алушылардың құқықтарын білесіз бе?» тақырыбында акцияөткізді. Акция барысында тұрғындарға мемлекеттік қызметтер көрсету туралы түсініктер беріліп, мемлекеттік қызметтерді алушылардың құқықтары мен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына шағымдану тәртібі мазмұндалған ақпараттық парақшалар үлестірілді.

0
0
444

«101.2 FM» — де тікелей байланыс

2017 жылдың 18 мамырда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Жұбаныш Аманқос Сағынұлы РТРК «Қазақстан-Орал» облыстық радиосының «Заң аясында» бағдарламасының тікелей эфиріне қатысты.

Бағдарлама шығарылымы мемлекеттік қызметшілердің әдеп мәселелері мен Әдеп жөніндегі кеңестің жұмысы мәселелеріне арналды.

Бағдарлама барысында радиотыңдаушылар тарапынан сұрақтар қойылып, А.С.Жұбаныш нақты жауаптар берді.

0
0
402

Тікелей эфирде жұмыс қорытындысы жөнінде

2017 жылдың 18 мамырда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары Нұртазин Мирболат Сүйеуұлы «Қазақстан-Орал» телеарнасының «Ел алдында» бағдарламасының тікелей эфиріне қатысты.

Нұртазин М.С. өзінің алғашқы сөзінде жаңа жаһандық нақты ахуалда үлкен рөлі бар Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекелестікке қабілеттілік» Қазақстан халқына Жолдауының маңыздылығы жөнінде айтып өтті.

Сондай-ақ, ол мемлекеттік қызметтегі реформалар, мемлекеттік қызметшілердің кешенді аттестаттауы және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының шеңберінде жыл басынан бері Департаментпен атқарылған жұмыстар жөнінде сөз қозғады.

0
0
214

Тікелей эфирде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың маңыздылығы жөнінде талқыланды

2017 жылдың 17 мамырда «ТДК-42» телеарнасының «Шындықпен бетпе-бет» бағдарламасына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары Жұбаныш Аманқос Сағынұлы қатысты. Бағдарламаның басты тақырыбы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және сыбайлас жемқорлық көріністеріне «нөлдік төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру мәселелері болды. А.С.Жұбаныш өзінің алғашқы сөзінде Агенттік пен оның аумақтық құрылымдарымен Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының бесінші басымдығында көрсетілгендейғ сыбайлас жемқорлық көріністерінің себептері және жағдайларын төмендету бойынша мақсатты жқмыстар атқарылып жатырғандығын атап өтт…

0
0
463

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау жалғасуда!

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен а.ж. 18 мамырда ашық есік күні және қоғамдық қабылдау шеңберінде «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАО-ның «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» Департаментінде азаматтар қабылданды.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына шағымдар түспегенін атап өту қажет. Облыстық орталық тұрғындары Мемлекеттік корпорацияның жұмысына оң баға берді. Қоғамдық  қабылдауға 5 адам жолықты. Түскен барлық сұрақтар бойынша «ӘТВЕО» Департаменті басшысының орынбасары Ж.А. Тасмағанбетов және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің бас маманы А.М. Қахабаевпен толық түсіндірмелер берілді.

0
0
639

«Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы Облыстық перинаталдық ортылығында

А.ж. 19 мамыр күні «Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жылжымалы мобильді тобы облыстық перинаталдық ортылығының ұжымымен кездесті.

Топ мүшелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы сұрақтар бойынша ойларын айтып, аталмыш мәселеде ұжымды белсенді атсалысуға шақырды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қөзқарасты қалыптастыру жұмысында барлық қоғам мүшелерінің және жас ұрпақтың алатын рөлдері туралы айтты.

Мекеме ұжымы жемқорлыққа қарсы заңнамаға қатысты көкейлеріндегі сұрақтарын белсенді қойып, барлығына тиісті жауаптарын алды.

Кездесу соңында ақшаға құныққан шенділер мен мемлекеттік компаниялардың топ-менеджерлері туралы тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.

0
0
365

«Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы Облыстық наркологиялық орталығында.

А.ж. 18 мамыр күні «Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жылжымалы мобильді тобы облыстық наркологиялық орталығының ұжымымен кездесті. Топ мүшелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы сұрақтар бойынша ойларын айтып, аталмыш мәселеде ұжымды белсенді атсалысуға шақырды. Департамент басшысының орынбасары Е.Ф. Степаненко өз сөзінде барлығын жемқорлықтың кез-келген көріністеріне «нөлдік төзімділікті» таныту маңыздылығын ерекшеледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының СҚО бойынша Департаментінің инспекторы С.Н. Зайцева еліміздің болашағы әрқайсысымызға байланысты және де барлығымыз «жемқорлыққа қарсы іс-қимыл - барлық қоғам, әр азаматтың ісі» екенін түсіну қажеттілігіне баса назар аударды. Мекеме ұжымы жемқорлыққа қарсы заңнамаға қатысты көкейлеріндегі с…

0
0
381

«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» атты кешенді шара

2017 жылдың 19 мамырда Орал қаласындағы Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінде «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» атты кешенді шара өткізілді.

Аталған шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің өкілі Р.Ғ.Мұратов, оқытушылар мен студенттер қатысты.

Кешенді шара шеңберінде колледж студенттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы фолэшмоб пен акция ұйымдастырды.

0
0
555