Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Мемлекеттік қызметтерді алушылардың құқықтарын білесіз бе?» акциясы

2017 жылдың 19 мамырында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің бірінші бөлімінде «Мемлекеттік қызметтерді алушылардың құқықтарын білесіз бе?» тақырыбында акцияөткізді. Акция барысында тұрғындарға мемлекеттік қызметтер көрсету туралы түсініктер беріліп, мемлекеттік қызметтерді алушылардың құқықтары мен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына шағымдану тәртібі мазмұндалған ақпараттық парақшалар үлестірілді.

0
0
392

Осы тақырып бойынша

«Мемлекеттік қызметтерді алушылардың құқықтарын білесіз бе?» акциясы - Yvision.kz