Тікелей эфирде жұмыс қорытындысы жөнінде
2017 жылдың 18 мамырда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары Нұртазин Мирболат Сүйеуұлы «Қазақстан-Орал» телеарнасының «Ел алдында» бағдарламасының тікелей эфиріне қатысты.
Нұртазин М.С. өзінің алғашқы сөзінде жаңа жаһандық нақты ахуалда үлкен рөлі бар Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекелестікке қабілеттілік» Қазақстан халқына Жолдауының маңыздылығы жөнінде айтып өтті.
Сондай-ақ, ол мемлекеттік қызметтегі реформалар, мемлекеттік қызметшілердің кешенді аттестаттауы және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының шеңберінде жыл басынан бері Департаментпен атқарылған жұмыстар жөнінде сөз қозғады.
