Шетелдік БАҚ өкілдері Тоқаевтың штабына барды
📷Шетелдік БАҚ өкілдері Тоқаевтың штабына барды
Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабына әлемнің 37 елінен 44 халықаралық бұқаралық ақпарат құралының өкілі келді. Олардың қатарында АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Испания, Бельгия, Австрия және т.б. елдерден келген журналистер бар.
📷«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов оларды үгіт-насихат және талдау орталықтарының, кандидаттың қоғамдық қабылдау бөлмесінің, медиа-штабтың, сенімді өкілдердің жұмысын үйлестіру орталығының, байқаушылар штабы мен арнайы жастар алаңының жұмысымен таныстырды.
«Бұл – көпфункционалды, жоғары технологиялық орталық. Осы жерде сайлау науқаны кезінде белгілі бір шешімдерді жедел қабылдауға мүмкіндік жасалды. Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Халықтық коалицияға кірген ұйымдардың өкілдері бір ай бойы, күні-түні жұмыс істеді. Штаб жұмысы ашықтық қағидаттарына сай және заң талаптарын қатаң сақтай отырып ұйымдастырылды», - деп атап өтті Асхат Оралов.
Кездесу қорытындысында Республикалық қоғамдық штаб мүшелері шетелдік БАҚ өкілдеріне арнап брифинг өткізіп, онда сайлау науқаны аясында атқарылған жұмыстар туралы айтып берді.
📷Жалпы, үгіт-насихат науқаны кезінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары 42 қала мен 5000-нан астам ауылды аралады. Олар өткізген 24 мың үгіт-насихат іс-шарасына 3 миллион сайлаушы қатысты. Кездесулер барысында азаматтардан 40 мыңнан астам ұсыныс пен тілек жиналды.
#Toqaev2022
#ДауысберТоqaev2022
#ГолосуйЗаToqaev2022
