Семейдің әншісі Вуди Аллен мен Мартин Скорсезенің оқыған университетінің профессоры болды
Семей қаласының тұрғыны Диас Мусалимов Нью-Йорк университетінде вокал профессоры болды. Ол тек вокалды үйретіп қана қоймай, Құрама Штаттардың ең ауқымды алаңдарын бағындыруда. Лас-Вегастағы Диас Мусалимовтың өнері миллиондаған көрермендермен есте қалды. Ол Геннадий Головкин мен Саул Альварес шайқасының басталуына дейін 20 мың орындық аренада Қазақстан әнұранын орындады. «Халықаралық ауқымдағы әр түрлі американдық іс-шараларға қатысып, мен ұсынатын әндердің бірі «I am from Kazakhstan». Бұл белгілі бір заманауи стильде жазылған, бірақ стандартты емес, резонанс тудырды», - дейді Диас Мусалимов. Биылғы жылы Нью-Йорк университетінде музыкалық театр және вокалдық педагогика бойынша вокалдық орындаушылық магистр дәрежесін алды. Бұл танымал американдық колледж Вуди Алленді, Мартин Скорсезді, Андж…