Қызылорда облысының құқық қорғау органдары толығымен цифрландыруға көшеді
Солардың көмегімен 2018 жылдың басынан бері 13 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзу дерегі мен 10 363 жол қозғалысы ережесін бұзу анықталды.Бейнекамералардан алынған деректерді пайдаланған құқық қорғау органдары 50-ден астам қылмыстың ізін суытпай ашты. Бұған қоса, өңірде ақылды технологиялар еселеп артпақ. Биыл тағы да 1400 бақылау камерасын орнату жоспарға енген. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын одан әрі жүзеге асыру мақсатында облыста «101», «102», «103», «104» және «109» сынды бір-біріне байланысты жедел қызмет түрлерін бір арнаға біріктіретін «112» бірыңғай диспетчерлік жүйе құру жоспарланып отыр. Бұл жүйеге балабақшаларда, мектептерде, мемлекеттік және жеке ұйымдарда орнатылған бейнекамералар да қосылады. Қазір бұл пилоттық жоба Астана мен Қызылорда облысында іске асқан. Жыл басынан бе…