Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

БҚО республикалық арнайы мониторингтік тобы мүшесінің қатысуымен жиын өтті

2018 жылғы 29 қазан күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО департаментінде республикалық арнайы мониторингтік тобының мүшесі, қоғам белсендісі Менкеев Алдан Төлегенұлының,облыстық мониторингтік тобы мүшелерінің, БҚО Мемлекеттік кірістер департаменті, шекара қызметі мен «Атамекен» ҰКП басшылығының және басқа да мүделі мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың қатысуымен жиын өтті.

Жиын барысында шекарадан өту кезінде «Сырым» шекара бекетінде туындаған үлкен көлемде жүк тасымалдаушы автокөліктердің кешігу туралы проблемалық мәселелер талқыланды.

Шекара өту кезіндегі процесті жеделдету, тіркеу процестерін автоматтандыру, әкімшілік барьерлер мен мүмкін болатын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мақсатында Алдан Менкеев мемлекеттік кірістер органдары жүргізетін бақылау процестеріне шекара қызметі органдары толтыратын құжаттарға тауар жөнелтеуші мен қабылдаушы туралы ақпарат көрсетілген қосымша баған енгізуді ұсынды.

Жиын қорытындысы бойынша келесі шешімдер қабылданды:

- аталған сала бойынша бизнес процестеріне шекара қызметі және мемлекеттік кірістер органдары, «Атамекен» ҰКП және қоғам өкілдерімен бірлесіп талдау жүргізу;

- орталық деңгейдегі барлық мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен аталған мәселені талқылауды ұсыну.

1
0
335

Осы тақырып бойынша

БҚО республикалық арнайы мониторингтік тобы мүшесінің қатысуымен жиын өтті - Yvision.kz