«Сарыарқа самалы» – 90
Олар да қалам тартқан еді... «Қызыл ту» («Сарыарқа самалы»)... Бұл газет менің балғын шағымды есіме салады. Ол кезде Облыстық «Қызыл ту» газеті деп аталатын. Қиыр жайлап шет қонған шопандар ауылына газетті хат тасушы айына бір рет әкелетін. Хат тани бастаған шағым, газетті қызыға ақтарып, кейбір мақалаларды шұқшия оқып отырғанда, үйге көрші ақсақалдың енгенін аңғармай қалсам керек. Ол жаныма келіп: -Өөй, сәлем қайда?- деп ақырып қалғанда барып: - Ата, кешіріңіз, газет оқып отырып сізді байқамай...- деп міңгірлей беріппін. Ақсақал болса: - Бұл газет оқып отырад... Мені аңдамай қалай?.. - деп ренішті үнмен: -Сен газеттің жазатыны шестай өтірік екенін білесің бе?- деп ақырды. Мен атаға қатты ренжідім. Әсіресе газет өтірік жазады дегеніне. Әкеме: -Анада«Қызыл ту» газеті өзіңізбен бірге істейт…