Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ақмолалық элиталы алкоголь өнімдерін өндірушісіне тех-лық реттеу саласындағы заңнамасы түсіндірілді

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызметкерлері 2018 жылдың 29 қарашада «Натур Продукт» ЖШС-де техникалық реттеу және метрология саласына қатысты қолданыстағы заңнамалар мен нормативтік құжаттар талаптарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кәсіпорынды аралаудың негізгі мақсаты техникалық реттеу және метрология саласында Қазақстан Республикасының заңнамалары және нормативтік құжаттарының талаптарын түсіндіру арқылы өнімді өндіру алдында проблемалық сұрақтарды анықтау болды.

Кәсіпорынды аралау кезінде департамент қызметкерлері мен техникалық реттеу саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы, сондай-ақ мемлекеттік стандарттау жұмыстарының бағыты, халықаралық менеджмент жүйесі, нормативтік техникалық құжаттардың Бірыңғай Фонды және өнімдер мен қызметтер бойынша сәйкестікті растау процестері, кәсіпорындағы өлшем құралдарына қатысты метрологиялық талаптар, өнімдерді каталогтау жүйесі туралы ақпараттар берілді.

ЖШС "Натур Продукт" элиталы алкоголь өнімін шығарады және Ақмола облысының тұтынушыларына "Айдабол" сауда маркасымен жоғары сапалы өнімнің жаңа түрлері бүгінгі күні өте сәтті жүзеге асырылуда.

Қазіргі уақытта компания 12 түрлі алкогольдік өнімдерді ұсынып отыр «Айдабульская особая», «Айдабульский классик», «Айдабульская первая», «Синегорье премиум», «Айдабульская Люкс», «Айдабульская сувенирная продукция» как «А белая», «А черная», «А матовая» және т.б.

Бүгінгі таңда "Натур Продукт" ЖШС сапалы өнім өндіру бойынша, көшбасшыларының бірі болып табылады. 2011 жылы Мәскеу қаласында РОССЕЛЬХОЗАКАДЕМИЯ тағамдық биотехнология ВНИИ ұймдастырған «Best vodka 2011» дегустациялық конкурсынан, күміс медаль иемденді.

2012 жылы алкоголь өнімін өндіру саласындағы өзінің сапа көшбасшылығын танытып, РОССЕЛЬХОЗАКАДЕМИЯ тағамдық биотехнология ВНИИ ұймдастырған «Best vodka 2012» конкурсынан, жүлделі алтын және күміс медальдарын алған.

Кәсіпорынды аралау барысында департамент қызметкерлері техникалық реттеу, метрология саласының нормативтік құжаттар талаптары бойынша түскен сұрақтарға толық жауаптар беріп, осы салаға қатысты бұдан әрі де өзара қарым-қатынас және заңнамалар талаптары бойынша мәселелерге түсіндірмелер беру бағытында уағдаластық жасалды.

0
0
774

Осы тақырып бойынша

Ақмолалық элиталы алкоголь өнімдерін өндірушісіне тех-лық реттеу саласындағы заңнамасы түсіндірілді - Yvision.kz