✍️«Ұрпаққа аманат»: Алаш қайраткерлері – ұлтқа үлгі
⏺«AMANAT» партиясының «Ұрпаққа аманат» қоғамдық дәрісі жалғасып жатыр. «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында қолға алынған іс-шара бұл жолы елордадағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы BINOM мектебінде өтті. Оған алаштанушы-ғалымдар Елдос Тоқтарбай мен Ұшқын Сейдірахман қатысып, мектеп ұжымының және оқушылардың алдында Алаш идеясы туралы келелі ой өрбітті. Сондай-ақ, осы жиында «Алаш кітапханасы» сериясы аясында жарық көрген жаңа форматтағы кітаптар таныстырылды. Осы жолы шыққан кітаптар биыл туғанына 130 жыл толған Алаш қайраткерлеріне арналып отыр. Атап айтқанда, ақын, ғалым, лингвист, ұстаз, Алаш әскерін құрушылардың бірі Біләл Сүлейұлына арналған – «Күресер», ақын, педагог Мағжан Жұмабаевқа арналған – «Ұлт руханиятының алдаспаны», ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровқа арналған «Өксік ғұмыр» кітап…









