«AMANAT» партиясының ШҚО филиалында кәсіпкерлік және аграрлық секторға қатысты мәселелер талқыланды
Жиын барсыныда «Бизнестің жол картасы – 2025» кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру және «Өркен-КШТ» индустриялық аймағының құрылыс барысы туралы мәселелер талқыланды.
«2022 жылы жетіспейтін өндірістік инфрақұрылымды жүргізуге бағдарлама үйлестірушісіне «Чечек» тауында «Жаңа Тау» ойын – сауық кешенін ұйымдастыру жобасы бойынша «Восток Капитал Груп» ЖШС-ден 10,9 млн.теңге сомасына 1 өтінім түсті. Бұл өтінім біздің тарапымыздан мақұлданды. 2023 жылғы 8 ақпандағы жағдай бойынша бағдарлама үйлестірушісіне жетіспейтін өндірістік инфрақұрылымды жүргізуге өтінімдер түскен жоқ» -деп атап өтті ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының Жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бөлімі басшысының міндетін атқарушы Дина Карменова.
Сонымен қатар қоғамдық кеңес өкілдері өңірдегі асыл тұқымды мал шаруашылығын субсидиялау бойынша атқарлып жатқан жұмыстар туралы да тиісті сала мамандарының есебін тыңдады.
Шығыс Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Рамиль Сағандықовтың айтуынша 2023 жылы асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға және мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға 4 775 813,0 мың теңге бөлінген.

