25 мамыр – ҚазҰУ түлектерінің күні!
Ардақты аты аңызға айналған ҚазМУ-ҚазҰУ түлектері! Сіздерді курстастарыңызбен, достарыңызбен және отбасы мүшелеріңізбен бірге біздің альма-матеріміздің 85 жылдығына және Түлектер қауымдастығының 25 жылдығына шақырамыз! Сіздерді ҚазҰУ-дың Студенттер сарайында күтеміз! Ең бастысы - ақ пейіл, ақ жарқын көңіл, шат-шадыман күлкі мен жастық шақпен қайта бір жүздесіп, ұлағатты ұстаздармен қауышып, емен-жарқын сыр шертісу.Жиналу 25 мамыр, сағат 10.00-де Триумфальды Арканың алды . Мереке әл-Фараби ескерткішіне, Ө.А. Жолдасбеков монументіне гүл шоқтарын қоюмен басталып, салтанатты шара 11.00-де Студенттер сарайында ашылады. Баяндамалар құттықтаулармен алмастырылған. Гала-концерт Сіздерге көтеріңкі көңіл сыйлайды. Альма-матер Сіздерді асыға күтеді! ҚазҰУ-дың барша түлектерін av.kaznu.kz сайтында онлайн тіркеуден өтулерін өтінеміз! www.kaznu.kz
