Мазмұнға өту

Жаңа

Smart Data Ukimet: студенттерге, жұмыссыздарға және зейнеткерлерге қалай көмектеседі

Бүгінгі күні мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде әрбір ведомствоның ішінде, сондай-ақ Үкіметтің ведомствоаралық деректері деңгейінде көрсеткіштерді талдау үшін құндылығы бар көптеген пайдалы ақпарат жинақталғанОларды талдаудың тиімділігі үшін Қазақстанда мемлекеттің сандық трансформациясының базалық негізі - Smart Data Ukimet жобасы құрылды.ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жоба шеңберінде өткен жылы тестілік режимде 8 кейсті іске қосты, оның 4 – уі жұмыс істейді: еңбекшілерді санаттандыру, Экономикалық қызмет балансын бағалау, халықты жұмыспен қамту орталықтарының (бұдан әрі - ХЖҚО) тиімділігі, еңбек нарығындағы мамандықтардың профициті және тапшылығы.Қадағалаушы орган әр аймақтағы ХЖҚО арқылы қазақстандықтарды жұмыспен қамту тиімділігіне үлкен мән береді. Ос…

0
0
651

Нұр-Сұлтан қаласында көпір салушыларға жалақы бойынша берешектер төлене бастады

Ағымдағы жылғы 8 тамызда сағат 10.00-де вахталық әдіспен жұмыс істейтін 26 жұмыскер Нұр-Сұлтан қаласында салынып жатқан көпірдің жанына жиналып, жалақы бойынша берешекке байланысты наразылықтарын білдірді.Құрылысшылар жиналған орынға Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Төлеген Оспанқұлов пен Нұр-Сұлтан қаласының бас еңбек инспекторы Ерлан Бердалин барды.Нәтижесінде 26 қызметкердің 5-6 айға алмаған жалақысы бойынша берешек сома шамамен 13 миллион теңгені құрайтыны белгілі болды.Т.Оспанқұлов пен ЖШС басшысы Тимур Накусовтың әңгімелесуі барысында жұмыс беруші қызметкерлерге жалақы бойынша берешекті толығымен төлеуге уәде берді.9 тамыздағы жағдай бойынша жұмысшыларға үш айлық жалақы бойынша берешек өтелді. ЖШС басшысы берешек қалдығын жақын күндері төлеуге м…

0
0
353

18 мыңнан астам кәсіпорын E-HR жүйесіне қосылған

Өткен жылы елімізде электрондық еңбек келісімшарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінің пилоттық жобасы іске қосылды. Жүйеде тіркелген сұранысқа ие мамандықтар тізіміне балабақша тәрбиешісі, қазақ тілі мен әдебиеті, шет тілі, орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері, медбике (мейіргер), санитар, қарауыл кіреді.Бүгінгі күні E-HR қызметіне 18 389 кәсіпорын қосылып, 792 731 келісім-шарт тіркелген. Тіркелген еңбек келісім-шарттарының ішінде бастауыш сынып мұғалімі кәсібі алдыңғы қатарда - 41 мыңнан астам келісімшарт. Ұйымдарды E-HR қызметіне тарту жұмыстары әлі де жалғасуда.«Біз үшін жүйеде жұмыс берушілердің еңбек шарттарын мейлінше көп тіркеуі маңызды. Өйткені, бұл өздері үшін де, құжаттар жинауда көп уақытты үнемдейтін қызметкерлер үшін де ыңғайлы. Сонымен қатар, жүйеде еңбек шартының…

0
0
283

Мектепке дейінгі ұйымдарға электронды кезек және бруцеллез мәселелері талқыланды

2019 жылғы 9 тамызында "Ақжайық – Адалдық Алаңы" жобалық кеңсесінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) департаментінің бірінші орынбасары Н.И.Саметтің төрағалымен облыстағы бруцеллез бойынша эпизоотиялық ахуалдың проблемалық мәселелері және Орал қаласындағы мектепке дейінгі ұйымдарға "Garden" электрондық кезегін қалыптастыру мәселері бойынша отырыс өткізілді.Осы отырысты өткізуге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке, оның ішінде әлеуметтік желілер арқылы түскен көптеген шағымдар, сондай-ақ жедел-тергеу тәжірибесінің нәтижелері себеп болды.Іс-шараның мақсаты-облыс тұрғындарына осы салалардағы проблемалық мәселелердің пайда болу себептерін түсіндіру, сондай-ақ уәкілетті органдар мен қоғам арасында диалог орнату.Отырыс жұмысына…

0
0
365

Қазақстандықтардың Құрбан айт мерекесіндегі демалыс күндері

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстандағы мерекелер жұмыс істемейтін күндер болып табылады. Егер демалыс және мереке күндері сәйкес келсе, демалыс күнінен кейінгі келесі жұмыс күні демалыс болып табылады.Сонымен бірге, ҚР Еңбек кодексінің 84-бабына сәйкес, Құрбан айттың бірінші күні демалыс күні болып табылады. Биыл ол жексенбі - 11 тамызға келеді.Алайда, Құрбан айт мемлекеттік және ұлттық мерекелер тізіміне енбейді және оған жоғарыдағы заң нормалары қолданылмайды. Яғни, егер жексенбі Құрбан айт күніне сәйкес келсе, одан кейінгі келесі жұмыс күні демалыс болып саналмайды.В соответствии со ст.5 Закона РК «О праздниках в Республике Казахстан» праздничные дни в Казахстане являются нерабочими днями. При совпадении выходного и п…

1
0
2016

«Стан» атауы бар елдер мен өңірлер тізімі

«Стан» атауы бар елдер мен өңірлер тізіміАуғанстан Ауған Түркістаны (көбінесе түркі тілдес халықтар және тәжіктер тұратын Ауғанстанның солтүстік бөлігінің тарихи атауы, ресми емес) Айастан (Армения) Аварстан (Ресейде тұратын авар жерлердің жалпы атауы, ресми емес) Башқұртстан (Ресей) Белуджистан (Пәкістан) Вазирстан (Пәкістан) Гүржістан (Грузия) Гүлстан (Иран) Гилгит-Балтистан (Пәкістан) Дағыстан (Ресей) Даштестан (Иран) Ирыстон (Солтүстік Осетияның атауы, Ресей) Кәпірстан (Ауғанстан) Кохистан (Пәкістан) Күрдістан (Иран, Ирак, Сирия және Түркия жерлерінде тұратын курдтар қоныстанған жерлердің жалпы атауы, ресми емес) Қазақстан Қырғызстан Қарақалпақстан (Өзбекстан) Қалмақстан (Ресей) Лурестан (Иран) Лазистан (лаздар тұратын жерлердің жалпы атауы, Түркия, ресми емес) Лезгистан (лезгилер тұр…

1
9
5146

Жамму және Кәшмір

Жамму және Кәшмір! Бізге алыстағы Үндістан кинодағыдай қызықты көрінеді, бірақ, Үндістанның «істеріне» де бір баға беріп қою керек-ау. Негізінде, Үндістан, оның солтүстігіндегі Жамму және Кәшмір салыстырмалы түрде алсақ Қазақстанға тиіп тұр. Олай дейтінім, Орталық Азиядағы бауырлас елдер мен Қытайдың, Пәкістан мен Ауғанстанның түйіскен жерінде орналасқан Жамму және Кәшмір біздің жұрт үшін де бөтен ел емес.Арғы тарихқа бармай-ақ, бергі Дели сұлтандығы кезінің өзінде түркі жұртының ат басын тіреп, билік жүргізген жері еді. Кейін, тағы да Орталық Азиядан кеткен түркілер – моғолдар деген атпен белгілі көшпенділер ұрпақтары Үндістан түбегіне бауыр басып, осында алып империя құрған болатын. Заманында Кәшмірді қазақ даласының перзенті Мұхамед Хайдар Дулати билеген еді. Айтқандай, Жамму мен Кәшмі…

0
0
1976

Қазақ күресінің Азия чемпионатында моңғолдар жеңісті бермеуі мүмкін

Тамыздың 16-17 күні Моңғолияда Азия чемпионатын өткізілетін болады. Бүгінгі таңда чемпионатқа дайындықтың белсенді кезеңі жүріп жатыр. Федерациялардан өтінімдер қабылданып, әдеттегіше салмағы, сәйкестігі деген параментрлермен таңдау жүргізіліп, ұйымдастыру мәселелері шешілуде.Азия чемпионатына барлығы 100-ден аса спортшы қатысады деп күтілуде. Қазіргі күннің өзінде Қытай, Жапония, Үндістан, Пәкістан, Өзбекстан, Қырғыстан және тағы басқа мемлекет палуандары белдесуге ниет білдірді. «Қазақ күресінен Азия чемпионатында моңғол палуандары ешкімге дес бермеуі мүмкін»,– дейді Халықаралық Qazaq kuresi федерациясының бас кеңесшісі Ұлан Рысқұл. «Өйткені, еліміздегі чемпионаттарға белсенді қатысып жүрген Серік Бердімұрат (110 келі салмақта), Сұғыр Жарғал (190 келі салмақта) сынды моңғол палуандары ө…

0
0
373

Қазақстанда видеоблогерлер бәйгесі басталды, ең үздік видео үшін жүлде – 1 000 000 теңге

Қазақстандағы «Жастар жылы» аясында «A kind heart» қоғамдық бірлестігі «I’m from Qazaqstan» атты видеороликтер бәйгесін ұйымдастыруда.Бәйге шарты бойынша қатысушылар өздерінің туған қалалары немесе ауылдары туралы қысқаша видеоролик түсіруі керек. Өз туындысында туған жері туралы, оның қызықты немесе маңызды жерлері туралы баяндап, туған жерінің туристер үшін қандай қызықтары бар туралы айтып беруі қажет. Ең үздік видеролик авторы бас жүлдеге 1 000 000 теңге алады, екінші орын иесі – 500 000 теңге, ал үшінші орын иесі – 300 000 теңге алады. Бәйге қорытындысы бойынша финалға жеткен қатысушылар Қазақстандағы YouTube компаниясының ресми өкілімен келісімшартқа отырып, өз арналарының даумына қатысты мамандардың кеңестерін алады.Бәйгенің мақсаты – Қазақстанда видео блог саласын дамыту, жаңа тал…

0
0
386

Айып тұрақтары «Ақжайық адалдық алаңы» жобасы назарында

«Ақжайық адалдық алаңы» жобасы аясында ағымдағы жылдың 5 тамызында Орал қаласының арнайы айып тұрақтарына мониторинг жүргізілді. Мониторинг нәтижесінде Орал қаласы аумағында арнайы айып тұрақтардың қызметін ЖК «Байлауов Б.А.» және «Батыс Қазақстан облысы Чернобыль ардагерлері және мүгедектері» ҚБ көрсететіндігі анықталды (Орал қаласы, Чкалов көшесі, 285/1).Жүргізушілер айып тұрағынан өзінің автокөліктерін алар кезде, Әкімшілік полициясы басқармасынан алған автокөлікті арнайы айып тұрағынан алу жөніндегі рұқсат қағазынан бөлек арнайы арнайы тұрақ қызметкерлері қосымша автокөліктің техникалық паспортының, жеке куәлігінің, жеке жүргізуші куәлігінің, автокөлікті сақтандыру полисінің және тағы басқа құжаттардың көшірмесін сұрататындығы анықталды.Бұл өз кезегінде азаматтарға жасанды әкімшілік к…

0
0
404