Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мектепке дейінгі ұйымдарға электронды кезек және бруцеллез мәселелері талқыланды

2019 жылғы 9 тамызында "Ақжайық – Адалдық Алаңы" жобалық кеңсесінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) департаментінің бірінші орынбасары Н.И.Саметтің төрағалымен облыстағы бруцеллез бойынша эпизоотиялық ахуалдың проблемалық мәселелері және Орал қаласындағы мектепке дейінгі ұйымдарға "Garden" электрондық кезегін қалыптастыру мәселері бойынша отырыс өткізілді.

Осы отырысты өткізуге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке, оның ішінде әлеуметтік желілер арқылы түскен көптеген шағымдар, сондай-ақ жедел-тергеу тәжірибесінің нәтижелері себеп болды.

Іс-шараның мақсаты-облыс тұрғындарына осы салалардағы проблемалық мәселелердің пайда болу себептерін түсіндіру, сондай-ақ уәкілетті органдар мен қоғам арасында диалог орнату.

Отырыс жұмысына Орал қаласының білім беру бөлімінің, ветеринария басқармасының, ветеринариялық бақылау және қадағалау инспекциясының, "Республикалық ветеринарлық зертхана "РМК филиалының өкілдері, арнайы мониторингтік топ мүшелері және БАҚ ("Қазақстан - Орал "телеарнасы," Орал өңірі "газеті,"Facebook" тікелей эфирі) өкілдері қатысты.

Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Қ. К. Тәшімов және басқа да лауазымды тұлғалар жүргізілген ветеринариялық іс-шаралар, жануарлардың қан үлгілерін іріктеу және зертханалық зерттеу рәсімдері, оның ішінде талдау нәтижелерімен келіспеген жағдайда қайта зерттеу, сондай-ақ бруцеллезбен жұқтырған етті сату мәселелері туралы түсініктемелер берді.

Білім бөлімінің басшысы А. М. Нарымбаев балабақшаларға электронды кезек жүйесінің жұмыс тәртібін, оның дұрыс жұмыс істемеу себептерін және оларды жою бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы түсіндірді.

Отырыс қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға көрсетілген қызметтердің сапасын жақсарту және сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар берілді.

0
0
335

Осы тақырып бойынша

Мектепке дейінгі ұйымдарға электронды кезек және бруцеллез мәселелері талқыланды - Yvision.kz