«Парасатылықты қалыптастыру – біздің негізгі міндетіміз»
2020 жылдың 15 мамыр күні Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті жанындағы ақпараттық-насихат штабының жетекшісі, «Jas Otan» ЖҚ БҚО жетекшісі Н.Қ.Жолдасқалиевтің қатысуымен брифинг өтті.
Департамент жанындағы облыстық ақпараттық-насихат Штабы 2019 жылдың желтоқсан айында құрылды. Оның құрамында әр саланың зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, қоғам қайраткерлері, жастар және т.б. бар. Мысалы, Самбо күресінен Әлем чемпионы, Самбо күресінен ҚР Ұлттық құрама командасының мүшесі, ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Нұрбол Нәсіпкерейұлы Серіков насихатшылар қатарында.
Жалпы Штабпен 30 астам кездесулер ұйымдастырылған. Instagram әлеуметтік желісінде Anticor_shtab_zko парақшасы ашылып, 45 астам бейнероликтер орналастырылған. Жергілікті ақпарат порталында «Адалдық – асыл қасиет» тақырыбында мақала жарияланған.
Штаб мүшелері елімізде төтенше жағдайға байланысты жарияланған карантин кезінде жасотандықтардың еріктілерімен бірлесіп «Біз біргеміз» акциясын ұйымдастыруға үлес қосқан.
Акция аясында БҚО бойынша 6516 адам, оның ішінде Орал қаласы бойынша 1642 аз қамтылған отбасыларына азық-түлік себеті мен жеке гигиеналық заттармен қамтылған.
Тікелей эфир барысында әлеуметтік желі қолданушыларының сұрақтарына жауап берілді.
