Мазмұнға өту

Жаңа

Кітаптарда демалыс жоқ

Кітап – білім бұлағы,

Өмірдің ол шырағы.

Кітапхана болсыншы,

Оқырманның тұрағы,- дегендей біздің оқырмандарымыз өздерінің сүйікті кітапханаларының өткізіп жатқан «Кітаптарда демалыс жоқ» акциясына өздерінің қызықтап оқитын кітаптарымен түскен фотосуреттерін жіберіп белсене қатысуда. Ал біздер болсақ сол білімді, белсенді, өнерлі оқырмандарымызбен кездесу күнің асыға күтудеміз.

0
0
307

Гүл - жердің көркі

"Гүл - жердің көркі" - деп бекер айтпаса керек. Гүл - сұлулықтың символы. Табиғи гүлге жетер ешнәрсе жоқ. Десе де, адамдар сол сұлулықты әртүрлі тәсілдермен қолдан жасауда. Біз бүгінгі шеберлік сыныбымызда күнделікті ішетін сусындардан босаған пластик бөтелкелерден гүлдер жасайтын боламыз. Бос бөтелкелерді қоқысқа текке тастамай, осылайша пайдаға жаратуға болады. Ол гүлдерді мектептің, балабақшаның, үйдің ауласын безендіруге қолдануға болады. Жасалу жолы видеода берілген.

0
0
423

Әжемнің ертегілері: Адал мен сұм және өгіз

Кішкентай біздің тыңдармаңдарымыз сендердің назарларыңызға түнгі ұйқыға кетерде әжем айтқан ертегі айдарында тәрбиелік мәні зор «Адал мен сұм және өгіз» тамаша ертегісін ұсынамыз. Қай заманда болсын жақсы мен жаман, мейірім мен қатыгез, адал мен сұм қатар жүреді. Бұл ағын мен толқын секілді арпалысып жатқан өмірдің сарыны. Ал бүгінгі ертегіміздегі көрші тұрған Адал мен Сұмның жағдайында бұл құбылыс қалай және қандай сарында болғанын осы ертегіден біле аласың.

0
0
277

«Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша журналистік зерттеу»

«Ақжайық – Адалдық Аланы» жобалық кеңсесімен журналисттер, блогерлер және жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою бойынша журналистік зерттеу» тақырыбында шығармашылық жұмыстар байқауы ұйымдастырылды.Байқау қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында өткізілді.Байқауға аталған тақырып бойынша шығармашылық жұмыстар мен зерттеулер жүргізген 10-нан астам қатысушылар қатысты.Байқаудың негізгі мақсаты – тұрғындардың құқықтық білім деңгейін арттыру, азаматтық жауапкершілік деңгейін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа бұрыс қарауға тәрбиелеу, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру болып табылады.Конкурстық комиссияның шешімімен І орынды – «ТДК 42» телеарнасының тілшісі А.А.…

1
0
345

Дархан Бейсенбекұлы

Дархан Бейсенбекұлы 1984 жылдың 7 қарашасында Алматы облысы, Жаркент өңіріндегі Нағарашы ауылында дүниеге келген. Қаламгердің «Жалғыз жұлдыздың жарығы» атты әңгімелер жинағына балалар әлемі мен жасөспірімдер тақырыбына қалам тербеген туындылары өзінің шынайылығымен, ауылдың аңғал мінезімен ерекшеленіп, оқырман қауымды бірден баурап әкетеді.

0
0
367

Елорда көшелерін су басты (БЕЙНЕ)

Қазіргі уақытта әлеуметтік желіде қала көшелерінің әр жерінен түсірілген видеолар көптеп таралып жатыр. Көліктің ішінен сондай видеоның бірі Иманов көшесі бойында түсірілген. Видеодан су деңгейі жеңіл көліктің бел ортасына дейін жетіп тұрғанын және бірнеше машинаның жол ортасында тұрып қалғанын байқауға болады. Су басқан көшелердің суреттері де әлеуметтік желіде жетерлік.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК деректеріне сүйене отырып, бүгін таңертең және күндіз найзағай ойнап жаңбыр жауатындығын хабарлаған болатын. Жаңбыр ертеңге де ұласады. Тіпті бүгін бұршақ түсуі де ықтиал. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысқанда екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Бүгін күндізгі ауа температурасы 10-12 градус жылы.

0
0
452

ТОП-6: 22-26 маусым аралығындағы жаңалықтарға шолу (БЕЙНЕ)

Енді рет ретімен айтар болсақ. №1 . Лентасыз парад Осы аптада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңістің 75 жылдығына арналған парадқа қатысу үшін Мәскеуге барды. Қазақстандықтар үшін парадтың өзінен бұрын Тоқаевтың георгий лентасын тақпағаны//басты жаңалық болды. Халық Қазақстан Президентінің қызыл-ала лентаны тақпай шыққанына және қызыл алаңда қазақстандық сарбаздар жүріп өткенде орнынан тұрып құрмет көрсеткеніне риза болып, сүйсінді. №2. «Той тойлап жүретін уақыт емес» «Қазір «Тойың тойға ұлассын» деп әндетіп, той тойлап жүретін уақыт емес». Қасым-Жомарт Тоқаев «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында кейбір азаматтардың пандемияға қарамастан той өткізуге рұқсат беруді талап етіп хат жазғанын айтты. Президент болса, қазір той қуалайтын емес, ой қуалайтын кез келді. Бүгінгідей технологи…

0
0
481

Ойла: Саттаров С. "Мұхтар Әуезовтің ататегі" Тарихи-құжаттық, танымдық кітап

Кітапта қазақтың біртуар ұлы Мұхтар Әуезовтің ататек шежіресіне қатысты және сол шежіремен бірыңғай тұтастықтағы түркілер еліне ислам дінінің келу тарихы мәселелері сөз болады.Исламдық пәлсапаның қазақ жерінде дамуы, оның жергілікті халықтың тағдырындағы манызы, сондай-ақ мұсылмандық негіздегі ұлттық дүниетанымның қалыптасуына ұйтқы болған тұлғалар болмысы да біртұтас сабақтастықта қарастырылады.Басылым көпшілік оқырманға арналған.

0
0
444

2020 жылдың соңына дейін әлеуметтік-еңбек саласындағы қызметтерді 100% электрондық форматқа...

2020 жылдың соңына дейін әлеуметтік-еңбек саласындағы қызметтерді 100% электрондық форматқа көшіру жоспарлануда. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн режимде өткен халыққа есеп беру кездесуінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлім етті. Толығырақ: https://beta.egov.kz/…/vse-uslugi-v-socialno-trudovoy-sfere… ----------------------------------------------------------------- До конца 2020 года в электронный формат планируется перевести 100% услуг в социально-трудовой сфере. Об этом в ходе отчетной встречи с населением, прошедшей в онлайн режиме в Службе центральных коммуникаций при Президенте РК, сообщил Министр труда и социальной защиты населения РК Биржан Нурымбетов. Подробнее: https://beta.egov.kz/…/vse-uslugi-v-s…

0
0
264