«Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалы БПҰ-мен праймеризді өткізу бойынша онлайн-жиын
«Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалы БПҰ-мен праймеризді өткізу бойынша онлайн-жиын
2020 жылғы 05 тамыз күні Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, аудандық партия филиалының мәжіліс залында БПҰ төрағаларының қатысуымен онлайн жиын өтті. Жиынды «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Сатибаев жүргізді. А.Қожабекұлы күн тәртібіне орай БПҰ-да ішкі партиялық іріктеуге(праймериз) партия мүшелерінің қатысуы, олардың арасында үгіт-насихат жұмыстарының ұйымдастырылуы, праймеризді ұйымдастырудың міндеттері, қағидаттары мен тәсілдері бойынша қысқаша түсіндіріп, хабарлама жасады. Жиын барысында праймеризді ұйымдастыру бойынша өзара мәселелер талқыланып, жұмыстардың жоспарлы орындалуы үшін нақты тапсырмалар берілді.
