Мазмұнға өту

Жаңа

#Мен #праймеризге #қатысамын

#Мен #праймеризге #қатысамын

Ұлт болашағы жолында білімі мен еңбегін, өмірлік тәжірибесін ортаға салып, өз үлесін қосқысы келетін әрбір азаматтың саяси алаңға шығып, белсенділігін танытатын уақыты келді. Мен «Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысамын. Жаңашылдық пен ашықтықты мақсат еткен партияішілік іріктеу партиямыздың ,шынымен де, әлеуеті мен деңгейін жаңа белеске көтереріне сенемін. Мен барлықтарыңызды партияның көшбасшыларын іріктеуге белсенді қатысуға шақырамын.

Райымбек ауданы М.Мақатаев атындағы орта мектептің директоры: Сағымбеков Кемелбай Савлетжанович

0
0
415

Әдеп жөніндегі уәкілдің азаматтарды онлайн қабылдауы

2020 жылғы 19 тамызда "Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті" РММ-де әдеп жөніндегі уәкіл Әлия Рафаэльқызы Айтуарова Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті бастамашылық еткен азаматтарды бірыңғай қабылдау күні шеңберінде азаматтарды жеке қабылдауды (онлайн) өткізді. Әдеп жөніндегі уәкілдің жеке қабылдауына жүгінген азаматтарға мемлекеттік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсініктемелер берілді. Әдеп жөніндегі уәкілдің кеңес беруі күнделікті негізде (онлайн форматта), 8-714-2-50-02-12 (жұмыс), 8-702-717-28-81 (WhatsA…

0
0
194

2020 жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына 1 миллион 220 мың адамды тарту жоспарланған...

2020 жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына 1 миллион 220 мың адамды тарту жоспарланған. Бүгінгі таңда бұл шаралармен 743 мың қазақстандық қамтылды.Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Серік Шәпкенов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.Вице-министр 379 мың адам «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болғанын атап өтті.Серік Шәпкенов, сонымен қатар, Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 6,4 мыңға жуық жоба жүзеге асырылып жатқанын, осылайша 154 мың адам жұмыспен қамтылғанын айтты. Олардың 73%-ы ауылдық жерлерде тұрады, 37%-ы жұмыссыз жастар, 17%-ы бұрынғы бейресми жұмысшылар және 9%-ы табысы аз отбасылардың мүшелері.Толығырақ: https://www.gov.kz/……

0
0
228

Ойла: Ұлы даланың Ұлы қыздары

Анықтама санатында ұсынып отырған кітап байтақ Даланың 25 шақты әйгілі қыздарымен таныстырады. Аталған тарихи түлғалар өздері өмір өткерген дәуір кезендеріне қабыстыра ұсынылады. Алуан сипатты Евразия тарихы бұл басылымда ерен істерімен өздерінің Отанына деген шексіз сүйіспеншілікті таныта алған, адал да арлы жүрегімен махаббат пен сәуле нұрын себе білген, сұлулық пенданалықты тендей ұстанған қадірменді аналар атынан баяндалады. Кітап Ұлы Даланың әйгілі әйел - ана есімдерін қасиеттеп, қадір тұтатын көпшілік қауымға ұсынылады.

0
0
300

Құрметті Алматы облысының тұрғындары!

19 тамыз күні сағ.12.00-де «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының «Facebook», «Instagram» әлеуметтік желі парақшаларында «Алматы облысындағы праймериз жүргізілу барысы» тақырыбында тікелей эфир өтеді. Спикер: «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жөргенбаев Жанболат Әкебайұлы. Парақша атаулары «Facebook» желісінде Nur Otan Алматы облысы, «Instagram» желісінде nurotanalmobl. Сұрақтарыңызды алдын-ала немесе тікелей эфир барысында қоюға болады, екі жақты байланыс орнату үшін Өзіңіздің толық аты жөніңіз, байланыс телефон, мекен-жайыңыз және сұрағыңыз қамтылуы керек.

0
0
216

«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясына Департамент қызметкерлерінің қатысуы

Қазақстанда 2020 жылғы 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясы басталды. Акцияның мақсаты - аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ішінен оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде материалдық көмек көрсету.Департамент қызметкерлері 12 жыл бойы жетім балаларға, көп балалы отбасынан шыққан балаларға көмек көрсете отырып, «Мектепке жол» акциясына жыл сайын қатысуда. Осы жылы көп балалы отбасынан шыққан Қостанай қаласының №18 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Виктория Геннадьевна Прадийге оқу жылына дайындыққа 25 000 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді. Мұндай акцияның қажеттілігіне жыл сайын көзіміз жетуде. Баланың мектепке деген «жолы» тек қуанышпен, қызықпен, жүзіндегі к…

0
0
240

Праймериз: Алматы облысында 1 күнде 90 жуық үміткер өтінішін білдірді

Атап айтсақ, бүгін 83 азамат «Праймериз» веб-порталымен мобильді қосымшасы арқылы немесе партия филиалына келіп, өз өтініштерін қалдырды. Ел ішіндегі әлеуметтің мәселесін, мұң-мұқтажын көтеріп жүрген жетісулық белсенді азаматтар праймериз арқылы өңірдің дамуына өз үлестерін қосуға ниеттерін білдіріп отыр. Осы орайда, партияның түрлі алаңдарын пайдаланып, билікпен бұқара арасында алтын көпірге айналған партияның мүмкіндіктерін пайдаланбақ. Тіркеу жұмыстары 28 тамызға дейін жалғасқандықтан, күнделікті тіркеу жұмыстары жүргізіліп, партия филиалдарынан құрылған ұйымдастыру комиететтерінің мүшелері құжаттарын қарастырып, тиісті кеңестерін де беруде. Құжатты тапсырмас бұрын түрлі сұрақтарға жауап алмақ болатын үміткер колл орталыққа да хабарласып, тиісті жауабын үйден шықпай-ақ алуға мүмкіндікт…

0
0
210

Праймериз: қоғамдық ұйым өкілдері өтініштерін білдірді

Роза Хаджи-Ахметқызы өз сөзінде «Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысу арқылы мен қаламыз, жалпы өңірдегі өзекті мәселелердің шешілуінде партияның ұсынып отырған мүмкіндіктерін ұтымды пайдаланып, мүгедек азаматтардың сұрақтарының оңды қаралуына ықпалымды тигізсем деймін деп атап өтті. Роза Ақжаркенова бүгін, партия праймеризіне қатысу бойынша құжаттарын тапсырды.

0
0
183

Праймериз: белгілі кәсіпкер Даурен Талипов партия праймеризіне қатыспақ

Індет уақытында кәсіпкерлердің басын бір арнаға жинап, емдеу мекемелерін оттегі концентраторы, ыстық тағамдармен қамту жұмысына белсенді араласқан, жалпы, көп жылдан бері қайырымдылық жұмыстармен айналысып жүрген өңірдің белгілі кәсіпкері Даурен Талипов партия праймеризіне қатысу бойынша өтінішін білдірді. Праймеризге қатысып, өңірдің экономикасын көтеруде партия алаңы арқылы түрлі жобаларымды іске асырып, кәсіпкерлік саласындағы қордаланған мәселелердің шешілуіне өз ықпалымды тигізгім келеді. Экономика тірегі – ол кәсіпкерлер санының өсуі маңызды фактор болғандықтан, жас кәсіпкерлердің де ісін алға басуды қолға аламын деп өз ойын жеткіз

0
0
186