2020 жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына 1 миллион 220 мың адамды тарту жоспарланған...
2020 жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына 1 миллион 220 мың адамды тарту жоспарланған. Бүгінгі таңда бұл шаралармен 743 мың қазақстандық қамтылды.
Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Серік Шәпкенов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.
Вице-министр 379 мың адам «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болғанын атап өтті.
Серік Шәпкенов, сонымен қатар, Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 6,4 мыңға жуық жоба жүзеге асырылып жатқанын, осылайша 154 мың адам жұмыспен қамтылғанын айтты. Олардың 73%-ы ауылдық жерлерде тұрады, 37%-ы жұмыссыз жастар, 17%-ы бұрынғы бейресми жұмысшылар және 9%-ы табысы аз отбасылардың мүшелері.
Толығырақ: https://www.gov.kz/…/bolee-12-mln-chelovek-planiruetsya-ohv…
-------------------------------------------------------------
В 2020 году мерами содействия занятости планируется охватить 1 млн 220 тыс. человек, на сегодняшний день этими мерами охвачено 743 тыс. казахстанцев. Об этом на брифинге в Службе центральных коммуникаций при Президенте РК сообщил вице-министр труда и социальной защиты населения РК Серик Шапкенов.
Вице-министр уточнил, что участниками Государственной программы развития продуктивной занятости и массового предпринимательства «Еңбек» стали 379 тыс. человек.
Серик Шапкенов также сообщил, что на сегодняшний день реализуется порядка 6,4 тыс. проектов в рамках Дорожной карты занятости, в которых работают 154 тыс. человек. Из них 73% проживают в сельской местности, 37% – безработная молодежь, 17% – бывшие неформальные работники и 9% – члены малообеспеченных семей.
Подробнее: https://www.gov.kz/…/bolee-12-mln-chelovek-planiruetsya-ohv…
