#Мен #праймеризге #қатысамын
#Мен #праймеризге #қатысамын Праймериз - өте маңызды іс-шара. Негізгі мақсаттарының бірі-көшбасшыларды анықтау, десекте ол үшін лайықты белсенділермен жұмыс жасау. Ол үшін тынбай еңбектеніп, үздіктердің қатарында болуға талпыну. Менің ойымша, халықпен тығыз байланыста болу үшін адам бірінші өзін жақсы жағынан көрсетіп, қандай жағдай болмасын халыққа әрқашан көмектесуге дайын екенін көрсетуі қажет. Праймериздің өту себебі де сол деп есептеймін. Осы праймериз қарсаңында өзгеріс болып, бәрі жақсарса деймін және де дауыс беру барысында лайықтылар таңдалатынына сенімім мол. Менде елім үшін бәріне дайынмын, өз үлесімді қосуға бар күшімді салып, бәрімен бірлесе жұмыс істеймін. Әр Партия белсенділері Отан үшін жақсы істер атқарса- бізден мықты ел жоқ! Мен халқым үшін қашанда қызмет етуге дайынмын және елімнің игілігі үшін жасалып жатқан іс-шараларды толығымен қолдаймын. Праймериз көшбасышылары келешекте де елін қуанта берсін, еліміз тек бірлікте өмір сүріп, болашағымыз жарқын болсын. Тағы бір дәлел- осындай жаңарту іс-шараларының арқасында елде де өзгерістер болып, дамуымызға үлесін қосып жатыр, бүгінде ауқымды шаралар көбеюде. Бірлік түбі- береке демекші, бірлігіміз арта берсін, жұдырықтай жұмылып еліміздің болашағын бірге қалайық! Әр Қазақстан азаматына айтарым, бірлесе күш жұмсайық және қолдау көрсетейік!
Райымбек ауданы Б.Мукай атындағы мәдениет үйінің режиссері: Сабырақын Қадыржан Серікбекұлы
