Жаңа
“111 ЖЕДЕЛ ҚЫЗМЕТ” байланыс орталығы жұмыс атқаруда.
Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында кездесу ұйымдастырылды
2020 жылдың 15 қазан күні БҚО Полиция департаментінің Патрульдік полиция батальонының ұжымымен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыру мақсатында кездесу ұйымдастырылды.Шараға БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Н.И.Самет, БҚО Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Е.Т.Тулемисов қатысты.Шара барысында Н.И.Самет қатысушыларды Агенттіктің негізгі жұмыс бағытымен таныстырды, сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға және қоғамда парасаттылықты қалыптастыруға бағытталған заңнамалық бастамалар мен новеллаларға тоқталды.Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды…
«Адалдық сағаты» өтті
2020 жылдың 14 қазан күні БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Р.С.Ақмырзаевтың қатысуымен облыстық Кәсіпкерлік және индустриалдық - инновациялық даму, Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармалары ұжымдарында жалпыреспубликалық «Адалдық сағаты» өткізілді.Шараның мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтауға және нығайтуға бағытталған.Жалпыреспубликалық «Адалдық сағаты» акциясының қазан айындағы тақырыбы «Ар-намысты арқалаған рухты батыр Бауыржан» деп анықталды.Биыл аты аңызға айналған командир, көптеген марапаттардың иегері, жазушы және Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 110 жыл толды.Батылдық, адалдық және табандылық қасиеттер Бауыржан Момышұлын Халық қаһарманы етті. Оның тұлғасынан жоғары патриоттық…
Құрметті Алматы облысының тұрғындары!
Осы орайда Алматы облысы бойынша V-ші толқын барысында Талдықорған қаласына 7- әлеуметтік санатқа жататын 4 278 адамның тізімі жасалып, қордан 50 мың теңге қаражат аударылды. Бұл қаражат тек облыс орталығы Талдықорған қаласына ғана бөлініп отырғанын хабарлаймыз.
100 мың мұқтаж отбасы жақында «Birgemiz» қорынан көмек алады
Елбасының тапсырмасы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен қаражат «Birgemiz» қорының шотына түсті.Кеше Нұрсұлтан Назарбаев бүкіл ел бойынша тағы 100 мың әлеуметтік аз қамтылған отбасыға 50 мың теңге көлемінде қосымша атаулы төлемдер ұйымдастыруды тапсырған болатын.«Birgemiz» қорының төрағасы Руслан Сакеевтің айтуынша, 100 мыңнан астам азамат біржолғы материалдық көмекпен қамтылады. Көмек қаражатты алушылардың 7 санаты бекітілген. Олардың қатарында тұрмысы төмен көпбалалы отбасылар, мұқтаж мүгедектер, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылар, ең төменгі зейнетақы алатын және халықтың әлеуметтік әлсіз тобына жататын зейнеткерлер, жетім балалар (тұл жетім балалар мен асыраушысының бірінен айрылған балалар), Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектер және соларға теңестірілге…
Әжемнің ертегілері: Ақ бидай
Ақ бидай ол нан. Нан басты байлық. Біздің өлкемізді астықты өлке дейді. Сол бидайды өсіру үшін көптеген адамдар еңбек етеді. Бірақ өте -өте ерте заманда осы біздің ең асыл затымыз бидай өз бетінше өскен екен. Уақыт өте келе ылғалдың тапшылығынан өсімдік біткеннін бәрі қатты тарығады. Сол уақытта өсімдіктердің әрқайсысы тіршілік үшін жанталасады. Ал ақ бидай осы қиыншылықтан қалай жол тапты және оның жолында қандай қиыншылықтар кездесіп,не себептен қазіргі кезде оны адамдар егіп, күтетінін осы ертегімізден біле аласың.
Барлық деңгейдегі мәслихаттардағы партиялық тізімдер 60%-дан астам
Бұл туралы партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады.Сонымен қатар, ол 150-ден астам белгілі саясаттанушыларды, қоғам қайраткерлері мен журналистерді топтастырған «Nur Otan» Жақтастарының лигасымен кездесуде партияішілік сайлауды ұйымдастыру барысын бақылауға айрықша атсалысып, айқындығы мен әділ өтуін қамтамасыз еткені үшін қоғам белсенділеріне алғыс айтты.«Бас қосуда праймериздің бірінші кезеңінің қорытындысын егжей-тегжейлі талқыладық. Жақтастар лигасының айтуынша, «Nur Otan» праймеризі – елдің қоғамдық-саяси өміріндегі елеулі оқиға. Бір жарым миллионнан астам адамды қамтыған кандидаттар бір ай бойы пікірсайыстың көрігін қыздырып, идеялары мен жобаларын таныстырды, ел мен қоғам үшін маңызы зор ойларын ашық айтып, кәсіби, саяси қаб…
Облысымызда 1200 ауыл шаруашылығы техникасымен жабдықталан 51 сервистік дайындау орталығы істейді.
«Жетісу» ӘКК-нің хабарлауы бойынша, облыс әкімінің тапсырмасымен соңғы жылдарда өңірде қант қызылшасы бағытында 29 СДО, дәнді дақылдар бойынша – 7, көкөніс – 1, жүгері – 2, күріш – 4, картоп – 3, жем дайындауда 5 сервистік дайындау орталығы құрылып, олардың жалпы саны 51-ге жеткен. Аталмыш СДО-ларда қаржылай лизинг арқылы берілген 1204 дана ауыл шаруашылығы техникасы қызмет көрсетуде. Соның ішінде биылғы жылы 6 СДО құрылып, (3 - жем дайындау, 2 - күріш, 1 - дәнді дақылдар бойынша) оларға 88 техника алып берілді. Заманауи техниканы жеңілдік шарттарымен ұсынатын сервистік-дайындау орталықтары іс жүзінде ауылдағы бизнесті дамытуға зор ықпал етіп, әлеуметтік жобаға айналды.Арнайы техникалар CLAAS, DEUTZ-FAHR, JohnDeere, FranzKleine, "Ростсельмаш", Минск трактор зауыты және басқа да әлемдік өн…
«Nur Otan» партиясының Төрағасы Бауыржан Байбекті қабылдады
Нұрсұлтан Назарбаев праймериз қажетті сабақтастықты сақтай отырып, партия қатарын жаңартуға мүмкіндік берген шынайы әлеуметтік сатыға айналғанын баса айтты.«Бұл көптеген адамдар қатысқан партияның ауқымды іс-шарасы болды. Біз мұндайды бірінші рет өткіздік. Партияның назарын қажет ететін көптеген мәселелер айтылды. «Nur Otan» – нақты істер партиясы. Біз қабылдаған шешімдер міндетті түрде орындалуы тиіс», - деді Елбасы.Сондай-ақ Елбасы партияға «Birgemiz» қорымен бірлесіп, бүкіл ел бойынша тағы 100 мың әлеуметтік-осал отбасыларға 50 мың теңге көлемінде қосымша төлемдерді ұйымдастыруды тапсырды.Толығырақ: 𝙀𝙡𝙗𝙖𝙨𝙮.𝙠𝙯 сайтында***Председатель партии «Nur Otan» принял Бауыржана БайбекВ ходе встречи были обсуждены итоги проведения праймериз.Нурсултан Назарбаев подчеркнул, что праймериз ста…