Бүгін тікелей эфирде «Kairat Blind Football Team» командасының капитаны Қ.Ақанбаевпен сұхбат өтті.
Бүгін тікелей эфирде ешқандай кедергі мен қиыншылыққа мойынсұнбайтын, мүмкіндігі шектеулі жан, Алматы қалалық «Жүрекпен көремін» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, «Қайрат» футбол клубының ішінен құралған «Kairat Blind Football Team» командасының капитаны Ақанбаев Қанат Бақытұлымен сұхбат өтті.Қанат Бақытұлы өзінің отбасы, хоббиы және «Kairat Blind Football Team» командасы жайлы сөз қозғады.Өз сөзін, көру қабілетінен жартылай немесе толық айырылған футболшылар үшін Қазақстан құрамасының негізін құрайтын Kairat Blind Football Team командасының жаттығу процесінен бастады.«Қазіргі уақытта біздің командада 15 ойыншы және екі қақпашы бар. Осындай спорт түріне деген қызығушылық күн сайын артып келе жатқаны қуантады. Жаттығуларға құрылымды түрде өтеді. Команда аптасына 3 рет айналысады. Өткен жылы…