Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бүгін тікелей эфирде «Kairat Blind Football Team» командасының капитаны Қ.Ақанбаевпен сұхбат өтті.

Бүгін тікелей эфирде ешқандай кедергі мен қиыншылыққа мойынсұнбайтын, мүмкіндігі шектеулі жан, Алматы қалалық «Жүрекпен көремін» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, «Қайрат» футбол клубының ішінен құралған «Kairat Blind Football Team» командасының капитаны Ақанбаев Қанат Бақытұлымен сұхбат өтті.

Қанат Бақытұлы өзінің отбасы, хоббиы және «Kairat Blind Football Team» командасы жайлы сөз қозғады.

Өз сөзін, көру қабілетінен жартылай немесе толық айырылған футболшылар үшін Қазақстан құрамасының негізін құрайтын Kairat Blind Football Team командасының жаттығу процесінен бастады.

«Қазіргі уақытта біздің командада 15 ойыншы және екі қақпашы бар. Осындай спорт түріне деген қызығушылық күн сайын артып келе жатқаны қуантады. Жаттығуларға құрылымды түрде өтеді. Команда аптасына 3 рет айналысады. Өткен жылы бізде жақсы тәжірибе болды, Махачкаладағы жарысқа қатыстық. Kairat Blind Football Team алғаш рет осындай турнирде бағын сынады. Бұл турнирді ұйымдастыруға жеңіл салмақтағы UFC қазіргі чемпионы Хабиб Нурмагомедов, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Советайұлы Боранбаев қатысты.

Біздің елімізде осы спорт түрін дамыту үшін қандай жаңа процестерді қарастырып жатыр. Қазір Қазақстан аумағында біздің қарсыластарымыз жоқ, біз қарсыластарымызды тапқымыз келеді. Кез-келген компания оған еріктілер ретінде қатыса алады. Біз барлық қатысушыларды осы спорт түрінің регламентіне сәйкес көздеріне бетперде кигізіп, Blind Football Team футболшыларымен бірнеше кездесу өткіземіз. Біздің есіктеріміз ашық және біз әрқашан жаңа таныстарға қуаныштымыз!» деп, сұхбатымызды қорытындылады Қанат Ақанбаев.

0
0
185

Осы тақырып бойынша

Бүгін тікелей эфирде «Kairat Blind Football Team» командасының капитаны Қ.Ақанбаевпен сұхбат өтті. - Yvision.kz