Алматы обл-да құрылысы жүріп жатқан 23 мектептің 17-і үш ауысымдылықты болдырмау мақсатында салынуда
Алматы облысында құрылысы жүріп жатқан 23 мектептің 17-сі үш ауысымдылықты болдырмау мақсатында салынуда
Алматы облысында биылғы жылы 32 білім мекемесінің құрылысы жүруде, соның 23-і мектеп, оның 17-сі үш ауысымды болдырмау мақсатында салынуда. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Нұр-Сұлтанда өткен брифинг барысында айтты.
Жетісу өңірінде балаларды мектепке тасымалдайтын көліктерді жаңартуға бір млрд. теңге бөлініп, жаңа әрі жайлы 70 автобус сатып алынған.
Спикер сондай-ақ Елбасының Бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру мақсатында Талдықорғанда І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенттері үшін 280 орындық және Қаратал ауданында колледжге арналып 50 орындық жаңа жатақханалар салынғанын, жыл соңына дейін Талдықорғанда тағы 480 орынға екі жатақхана пайдалануға берілетінін атап өтті.
Сол сияқты білім беру саласында оқушылар мен колледж студенттерін қашықтан оқыту үшін барлық жағдай жасалғанын айтты.
