Мазмұнға өту

Жаңа

Ақын Айсұлу Қадырбаеваның туғанына 70 жыл

Аудандық кітапханада ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, қоғам қайраткері Айсұлу Қадырбаеваның 70 жасқа толуына орай ұйымдастырылған «ЖЫРЛАП КЕЛДІМ ӨМІРГЕ...» атты онлайн-поэзия кешін назарларыңызға ұсынамыз.

#АЙСҰЛУ_ҚАДЫРБАЕВА_70_ЖАСТА

0
0
307

Аға буынның үздік өкілдері туралы

БҚО Қаратөбе ауданы Егіндікөл ауылында тұратын қазыналы қарт Ешмат ата биыл 84 жасқа толып отыр. Ауыл балаларын домбыраға баулып, оркестр құрып, қазақ өнеріне сіңірген еңбегі мол.

Ешмат ата жастық шағында арман қуып, Алматыға барып, ҚазПИ-ден білім алған жан. Сол жылдарда академик Қажым Жұмалиевтің тікелей қамқорлығын көрген, Серік Қирабаевтан дәріс алған. Ал оның домбырашылық өнеріне қатысты әйгілі Ахмет Жұбановтың өзі жылы пікірін білдірген.

Бүгінде Ешмат атамыздың ұлы Қайнар ағай да әкесінің қанымен, анасының сүтімен бойына дарыған өнерді жанына серік етіп, туған ауылда қарапайым ғана тірлік кешіп жүр.

0
0
131

Рейдтік іс-шара бойынша мобильді топтар жұмысы күшейтілді.

Коронавирустың таралуының өсуіне байланысты мобильді топтардың кәсіпкерлік объектілерінің санитариялық талаптары мен жұмыс режимінің сақталуын бақылау жөніндегі жұмысы күшейтілген режимге ауыстырылды.

0
0
173

"Жастар - Отанға"

Аудандық жастар ресурсының бастауымен, «Мұхит жастары» ЖҚБ-ның қолдауымен Егіндікөл еліне ат басын тіреді.

«Қаратөбе әйелдері» ҚБ-нің төрайымы Самал Ыбырайқызы ауыл жастарына отбасығы құндылығы тақырыбында ой толғаса, «Атамекен» ҰКП өңірлік директоры Асхат Тойшыбаев мемлекеттен бөлінетін қаржылай гранттар, шағын бизнес, т.б қолдану мүмкіндіктері мол бағдарламалар туралы айтты.

Шараның басты ерекшелігі аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің қол күресі үйірмесінің жетекшісі Нұрхат Нысанов өз шәкірттерімен бірлесе ауыл жастары, мектеп оқушыларына ойынның басты ережелері, әдіс-тәсілдерін таныстырды.

0
0
168

«Азаматтардың әлеуметтік әл-ахуалы – біздің басты басымдылығымыз» тақырыбында дөңгелек үстел

Бүгін «Nur Otan» партиясының аудандық филиалында аудандық қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен «Азаматтардың әлеуметтік әл-ахуалы – біздің басты басымдылығымыз» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Б.Жүсіпқали қатысып, ел тұрғындарына әлеуметтік қолдау жасау мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екендігін, сондықтан да мүмкіндігі шектеулі жандар, аз қамтылған отбасылары және басқа да әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға қолдау көрсетіп отыру басты назарда екенін айтып, ауданымыздағы әлеуметтік саладағы көмеккке мұқтаж жандарға көрсетіліп жатқан жұмыстар барысын баяндады. Дөңгелек үстелге қатысушы қоғамдық ұйым өкілдері тарапынан тұрмысы төмен отбасыларының қоғамның толыққанды мүшес…

0
0
245

"Сапалы жол - адалдық алаңы" жобасы аясында

Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылында "Сапалы жол - адалдық алаңы" жобасы аясында салынып жатырған ауылішілік жолдарға партиялық бақылау комиссия мүшелерімен, арнайы Ұлттық сапа орталығы лабораториясының қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізді.

0
0
123

«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының жүзеге асырылуы бойынша тұрғындарымен кездесу

жатқан жұмыстармен таныстырды. Биылғы жылы жыл басынан бері «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының аясында 4 жоба жүзеге асырылып, 107 жаңа жұмыс орындары ашылып, соның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 58 жұмыссыз жұмысқа орналастырылған. Алдағы уақытта бағдарлама бойынша жаңадан ашылатын жұмыс орындары саны 161, ал оған жұмыспен қамту орталығы арқылы 81 адам жолданатын болады. Кездесуге «Аққозы» бастауыш партия ұйымының төрағасы Қ.Мұқанов қатысып, тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

0
0
194