«Азаматтардың әлеуметтік әл-ахуалы – біздің басты басымдылығымыз» тақырыбында дөңгелек үстел
Бүгін «Nur Otan» партиясының аудандық филиалында аудандық қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен «Азаматтардың әлеуметтік әл-ахуалы – біздің басты басымдылығымыз» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Б.Жүсіпқали қатысып, ел тұрғындарына әлеуметтік қолдау жасау мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екендігін, сондықтан да мүмкіндігі шектеулі жандар, аз қамтылған отбасылары және басқа да әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға қолдау көрсетіп отыру басты назарда екенін айтып, ауданымыздағы әлеуметтік саладағы көмеккке мұқтаж жандарға көрсетіліп жатқан жұмыстар барысын баяндады. Дөңгелек үстелге қатысушы қоғамдық ұйым өкілдері тарапынан тұрмысы төмен отбасыларының қоғамның толыққанды мүшесі болып, қалыпты өмір сүруге бағыттау үшін тек әлеуметтік көмектермен ғана шектелмей, олармен тәрбиелік, түсіндірмелік бағыттағы жұмыстар жүргізу қажеттігі жөніндегі ұсыныстар айтылды. Осы бағытта жергілікті жерлерде қоғамдық ұйымдардың қатысуымен шаралар өткізу межеленді.
