Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Аға буынның үздік өкілдері туралы

БҚО Қаратөбе ауданы Егіндікөл ауылында тұратын қазыналы қарт Ешмат ата биыл 84 жасқа толып отыр. Ауыл балаларын домбыраға баулып, оркестр құрып, қазақ өнеріне сіңірген еңбегі мол.

Ешмат ата жастық шағында арман қуып, Алматыға барып, ҚазПИ-ден білім алған жан. Сол жылдарда академик Қажым Жұмалиевтің тікелей қамқорлығын көрген, Серік Қирабаевтан дәріс алған. Ал оның домбырашылық өнеріне қатысты әйгілі Ахмет Жұбановтың өзі жылы пікірін білдірген.

Бүгінде Ешмат атамыздың ұлы Қайнар ағай да әкесінің қанымен, анасының сүтімен бойына дарыған өнерді жанына серік етіп, туған ауылда қарапайым ғана тірлік кешіп жүр.

0
0
103

Осы тақырып бойынша

Аға буынның үздік өкілдері туралы - Yvision.kz