Мазмұнға өту

Жаңа

Электр жүйесі қызметкерлерімен кездесті

«Nur Otan» партиясының кадрлық резерв мүшелері электр жүйесін таратумен айналысатын «Алатау жарық компаниясы» аудандық филиалының қызметкерлерімен кездесті.

Кездесудің мақсаты – жоғарыда аталған мекеме қызмсеткерлеріне ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын түсіндіру.

Жиын барысында кадрлық резерв мүшелері іс-қимыл жоспарына жеке-жеке тоқталып, түсіндіріп өтті. Шара барысында түрлі сауалдар қойылып, қатысушылар өз пікірлерін ортаға салды.

0
0
138

Кәсіпкерлерге көмек

«Nur Otan» партиясының аудандық филиалында онлайн форматта кәсіпкерлерге қолдау көрсету бойынша қоғамдық кеңес өтті. Оған жеке кәсіпкерлер, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар мен жастар қатысты.

Әлемдік экономикаға салқынын тигізген коронавирус індеті еліміздегі кәсіпкерлік саласын да айналып өтпеді. Осы мақсатта Мемлекет басшысы бизнес өкілдеріне қолдау көрсетіп, мемлекет тарапынан жеңілдіктер жасауды тапсырған еді. Кеңес отырысында осы сынды мәселелер көтеріліп, бизнес субъектілеріне қазіргідей қиын кезеңде қол ұшын беру жұмыстары талқыланды.

Шара барысында қатысушылар өздерінің ұсыныстарын жеткізді.

0
0
150

«Nur Otan» партиясы Теректі аудандық филиалының кезектен тыс ХХХII конференциясы өтті

Конференцияның күн тәртібінде «Nur Otan» партиясының Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы бойынша делегаттардың сайлауалды бағдарламасын бекіту, пікірсайыстың қортындысы бойынша кандидаттар үшін дауыс беру, Теректі ауданы мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша партиялық тізімді бекіту және облыстық конференцияға делегаттарды сайлау мәселелері қарастырылды. Конференцияда сайлауалды бағдарламаны бекіту үшін партияның аудандағы филиал төрағасы, аудан әкімі Арман Өтеғұлов хабарлама жасады.Күн тәртібі бойынша Теректі аудандық филиалы Саяси Кеңесінің Бюросы бекіткен тізімге сәйкес қатысушылар арасындағы пікірсайыс болды.«Nur Otan» партиясының Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша 24 кандидат бекітілді. Олардың 33 % әйелдер, 25% жастар құрайды.«Nur O…

0
0
168

Масаншы ауыл тұрғындарымен кездесу

ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі "Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты" атты Қазақстан халқына Жолдауының аясында халыққа әлеуметтік қолдау шараларын түсіндіру мақсатында қоғамдық пікір көшбасшыларының көп балалы аналармен және ауыл тұрғындарымен кездесуі Масаншы ауылдық округінде өтті

0
0
162

Шағын және орта бизнес саласы мәселелері

Қапшағай қалалық мәслихатының депутаты С.Нұржанов, кәсіпкерлер палатасының Қапшағай қалалық филиалымен және де кәсіпкерлер бөлімі қатысты. Шағын және орта бизнес саласы мәселелері бойынша кездесуі, тиімді нарықтық экономиканы құруда шағын және орта бизнестің мәні оның бәсекелік ортаны қалыптастыру мен дамытуға жәрдемдесетін құрылымдық фактор ретіндегі орны мен рөлін зерттей келе аумақтағы жағдайды түсіндірді. Шағын бизнестің негізгі функциялары - бұл көбінесе жергілікті нарықты қажетті өнім мен қызметтермен қамтамасыз ету, жұмыспен қамтылу мәселесін шешудегі жәрдем. Мұндай мәселелердің оңтайлы шешілуі ауыспалы кезеңде орын алатын әлеуметтік дағдарыстың зардаптарын азайтады – деп С.Нұржанов сөз сөйледі.

0
0
157

"Nur Otan" партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалының кезектен тыс XXIV конференциясы өтті.

Бүгін "Nur Otan" партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалының кезектен тыс XXIV конференциясы өткізілді. Конференция барысында 4 мәселе қаралды. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша "Nur Otan" партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Нұрлан Сағынтайұлы Рахымжанов "Nur Otan" партиясының Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданының сайлауалды бағдарламасымен конференция делегаттарын таныстырып, конференция делегаттары сайлауалды бағдарламаны бекітті. Конференция барысында облыстық мәслихатқа үміткерлер арасында ашық пікірсайыс оздырылды. Пікірсайыстан соң конференция делегаттары 2 үміткерге праймериз жүйесі арқылы дауыс беру арқылы өз дауыстарын берді. Жоғарғы дауысқа ие болған үміткер Батыс Қазақстан облыстық филиалының кезектен тыс XXVI конференциясына Қазақстан Р…

0
0
115

11 қараша күні "Nur Otan" партиясы Ырғыз аудандық филиалы кезектен тыс ХХХ конференциясы өткізілді.

3. "Nur Otan" партиясынан Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы мәслихатының депуттаттарын сайлау бойынша партиялық тізім бекітілді. 4. Ақтөбе облыстық кезектен тыс ХХХ конференциясына делегаттар сайланды. 5. Аудандық сайлауалды штабтың басшысы және орынбасарлары бекітілді. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша "Primaries" ақпараттық жүйесінде онлайн дауыс беру арқылы жүргізілді.

0
0
121

"Nur Otan" партиясы Қаратөбе ауданында кезектен тыс XXVIII конференциясы өтті

Бүгін "Nur Otan» партиясы Қаратөбе аудандық филиалының кезектен тыс ХХVIII конференциясы өтті.Конференцияға партияның аудандық филиал төрағасы, аудан әкімі Жанат Асантаев, партияның аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Оразов, сонымен қатар партия ұйымына ұсынылған делегаттар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.Конференцияның күн тәртібінде «Nur Otan» партиясының Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы бойынша сайлауалды бағдарламаларын бекіту, пікірсайыс қортындысы бойынша кандидаттарға дауыс беру, ауданық партиялық тізімді бекіту, облыстық конференцияға қатысушы делегаттар тізімін бекіту, аудандық сайлауалды штаб төрағасының орынбасарларын сайлау бағыттары қарастырылды.Конференцияның сайлауалды бағдарламасымен жалпы бағыттырымен таныстыру үшін партияның ауд…

1
0
157