Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Nur Otan» партиясы Теректі аудандық филиалының кезектен тыс ХХХII конференциясы өтті

Конференцияның күн тәртібінде «Nur Otan» партиясының Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы бойынша делегаттардың сайлауалды бағдарламасын бекіту, пікірсайыстың қортындысы бойынша кандидаттар үшін дауыс беру, Теректі ауданы мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша партиялық тізімді бекіту және облыстық конференцияға делегаттарды сайлау мәселелері қарастырылды. Конференцияда сайлауалды бағдарламаны бекіту үшін партияның аудандағы филиал төрағасы, аудан әкімі Арман Өтеғұлов хабарлама жасады.Күн тәртібі бойынша Теректі аудандық филиалы Саяси Кеңесінің Бюросы бекіткен тізімге сәйкес қатысушылар арасындағы пікірсайыс болды.«Nur Otan» партиясының Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша 24 кандидат бекітілді. Олардың 33 % әйелдер, 25% жастар құрайды.«Nur Otan» партиясы қоғамдық бірлестігі Батыс Қазақстан облыстық филиалының ХХVI конференциясына делегаттар сайланды.

0
0
138

Осы тақырып бойынша

«Nur Otan» партиясы Теректі аудандық филиалының кезектен тыс ХХХII конференциясы өтті - Yvision.kz