Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Nur Otan" партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалының кезектен тыс XXIV конференциясы өтті.

Бүгін "Nur Otan" партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалының кезектен тыс XXIV конференциясы өткізілді. Конференция барысында 4 мәселе қаралды. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша "Nur Otan" партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Нұрлан Сағынтайұлы Рахымжанов "Nur Otan" партиясының Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданының сайлауалды бағдарламасымен конференция делегаттарын таныстырып, конференция делегаттары сайлауалды бағдарламаны бекітті. Конференция барысында облыстық мәслихатқа үміткерлер арасында ашық пікірсайыс оздырылды. Пікірсайыстан соң конференция делегаттары 2 үміткерге праймериз жүйесі арқылы дауыс беру арқылы өз дауыстарын берді. Жоғарғы дауысқа ие болған үміткер Батыс Қазақстан облыстық филиалының кезектен тыс XXVI конференциясына Қазақстан Республикасы Парламентті Мәжілісінің партиялық тізіме пікірсайысқа қатысушы ретінде Габдуллин Исетай Есетұлы ұсынылды.

Сонымен қатар Бөкей ордасы аудандық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша партиялық тізімі және облыстық филиалдың кезектен тыс конференциясына делегаттарды сайлады.Конференция қазіргі елдегі жағдайды ескере отырып, барлық санитарлық талаптарды, әлеуметтік қашықтықтарды сақтай отырып өткізілді.

Осы тақырып бойынша