Елбасы, Қазақстан Халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев








11 қараша күні Сырым аудандық филиалының фракция және әйелдер қоғамдық кеңесінің мүшелері онлайн жүйесінде отырыс өткізіп, көп балалы отбасылардың түйткілді мәселелері қаралып, ұсыныстар жинақталды.
11 қараша күні облыстық мәслихат депутаты Ғ.Нұрмуханов аудандық кітапхананың оқырмандар залында партия ардагерлерімен кездесті. Кездесудің мақсаты қоғамдық кеңестің жұмысында азаматтық қоғамның белсенділігін арттыру болып табылады.
Қымбатты достар, Сіздерді айтулы да маңызды мереке – Халықаралық студенттер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Студенттік кезең – адам жадында ерекше естеліктерімен жатталып жаңғырып тұратын, мәңгілік ұмытылмастай өз алдына бөлек дүние. Мектеп бітіріп, өмірдің жаңа кезеңіне қадам басқан жастар тек білім алуға ғана емес, өмірдің ақ пен қарасын ажырата білуге үйренеді. Студенттік шақ дегенде қызығы мен шыжығы мол – лекция тыңдап отырған уақыт, жоғарғы оқу орны қабырғасындағы бірінші бақылау емтихандары, жатақханада бір жапырақ нанды бөліп жеген достар, таңнан таңға жалғасқан сауыққа толы кештер, дипломдық, курстық жұмыстар, тағысын тағы көптеген естеліктер оралады. Мұндай қызықты шақты бастан өткеру - үлкен бақыт. Осы шақты бағалап, оқу мен көңілді кештерді, мәдени өмірді қатар алып жүріңіз…
"Jas Otan" Жастар қанаты "Adaldyk elshileri" тақырыбында жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу бойынша онлайн режимінде акциясы өткізді. Акцияның мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, оның алдын алу. Қатысушылар бұл тақырыптың бүгінгі күні өте өзекті мәселе болып табылатынын атап өтті. Акция барысында олар көтерілген сыбайлас жемқорлыққа қатысты өз ой-пікірлерін білдіріп, ұсынымдарын талқылады.
"Nur Otan" партиясы АҚФ қызметкерлері ұйымдастыруымен “Арман” жастар орталығы ғимаратында «Бір шаңырақ астында» атты тақырыбында этномәдени бірлестіктерінің өкілдерімен кездесу өтті. Шараға Ақтау қалалық депутаты Ш.Гусейнов , «Маңғыстау әуені», «Асыл мұра», «Ажар – ай» үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты. Кездесу барысында қатысушылар кездесудің өзектілігі мен заманауилығын атап өтіп, шараның ұйымдастырушылығын жоғары деңгейде бағалады. Іс-шара өте қызықты әрі мәнді жағдайда өтті.
"Nur Otan" партиясы Қарасай аудандық филиалының кезектен тыс XXХ конференциясы өтті.Конференцияға аудандық партия филиалының Саяси Кеңесінің мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары мен бөлім басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, партия ардагерлері мен белсенділері, «Jas Otan» ЖҚ және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.Күн тәртібінде бес мәселе қаралды. Олар "Nur Otan" партиясының Қарасай ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасын бекіту, "Nur Otan" партиясы Алматы облыстық филиалының кезектен тыс ХХVII конференциясына делегаттарды сайлау, Пікір-сайыс екінші кезеңін ұйымдастыру, Қарасай аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін бекіту, "Nur Otan" партиясы Қарасай аудандық филиалының Саяси Кеңес құрамына өз…
Бүгін Бұланды аудандық Мәдениет үйінде «Nur Otan» партиясы аудандық аумақтық филиалының төрағасы, аудан басшысы Талғат Ерсейітовтың төрағалығымымен аудандық аумақтық филиалының кезектен тыс ХХІХ конференциясы өтіп, оған 17 бастауыш партия ұйымдарынан 41 делегат қатысты.Мемлекеттік әнұран шырқалып, конференция жұмысы салтанатты түрде жарияланғаннан кейін филиал төрағасы күн тәртібіндегі сұрақтарға тоқталды. Конференцияның жұмысшы органдары сайланып, күн тәртібі мен регламент бекітілген соң, жиынға қатысушылар негізгі мәселелерге көшті.Бірінші кезекте «Nur Otan» партияның Бұланды ауданы бойынша Сайлауалды бағдарламасы бекітілілді.Партия белсенділері қатысып отырған ауқымды шарада алғашқы рет өз мәресіне жеткен праймериз партияластар ішінен жігерлі де білімді, еңбекқор және мақсатты, өз өңір…