Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Nur Otan" партиясы Бұланды аудандық филиалының кезектен тыс XXIX конференциясы.

Бүгін Бұланды аудандық Мәдениет үйінде «Nur Otan» партиясы аудандық аумақтық филиалының төрағасы, аудан басшысы Талғат Ерсейітовтың төрағалығымымен аудандық аумақтық филиалының кезектен тыс ХХІХ конференциясы өтіп, оған 17 бастауыш партия ұйымдарынан 41 делегат қатысты.

Мемлекеттік әнұран шырқалып, конференция жұмысы салтанатты түрде жарияланғаннан кейін филиал төрағасы күн тәртібіндегі сұрақтарға тоқталды. Конференцияның жұмысшы органдары сайланып, күн тәртібі мен регламент бекітілген соң, жиынға қатысушылар негізгі мәселелерге көшті.

Бірінші кезекте «Nur Otan» партияның Бұланды ауданы бойынша Сайлауалды бағдарламасы бекітілілді.

Партия белсенділері қатысып отырған ауқымды шарада алғашқы рет өз мәресіне жеткен праймериз партияластар ішінен жігерлі де білімді, еңбекқор және мақсатты, өз өңірінің қоғамдық-экономикалық өміріндегі маңызды мәселелерге бейжай қарамайтын партия мүшелерін анықтап, олардың аудан болашағы үшін қандай істерге дайын екендігін айқындалғаны туралы тілге тиек етілді. Сондықтан әрбір партия белсендісінің азаматтық ұстанымы – партиялық қозғалысының маңызды күші.

Конференция барысында Ақмола облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер арасында пікірсайыс өз мәресіне жетіп, одан кейін арнайы дайындалған дауыс беру кабинкаларында облыстық мәслихатқа партиялық тізімдегі кандидаттарға онлайн режимінде құпия дауыс беру ұйымдастырылып, олардың қорытындылары жария етілді.

Сонымен қатар, конференция барысында «Nur Otan» партиясы Бұланды аудандық аумақтық филиалынан ұсынылған Бұланды аудандық депутаттарын сайлау бойынша партиялық тізімі, «Nur Otan» партиясы Ақмола аймақтық филиалының кезектен тыс ХХХІІІ конференциясына делегаттар тізімі бекітілді.

Р.Хожабай - Бұланды аудандық "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары

0
0
246

Осы тақырып бойынша

"Nur Otan" партиясы Бұланды аудандық филиалының кезектен тыс XXIX конференциясы. - Yvision.kz