"Nur Otan" партиясы Қарасай аудандық филиалының кезектен тыс XXХ конференциясы өтті
"Nur Otan" партиясы Қарасай аудандық филиалының кезектен тыс XXХ конференциясы өтті.
Конференцияға аудандық партия филиалының Саяси Кеңесінің мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары мен бөлім басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, партия ардагерлері мен белсенділері, «Jas Otan» ЖҚ және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде бес мәселе қаралды. Олар "Nur Otan" партиясының Қарасай ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасын бекіту, "Nur Otan" партиясы Алматы облыстық филиалының кезектен тыс ХХVII конференциясына делегаттарды сайлау, Пікір-сайыс екінші кезеңін ұйымдастыру, Қарасай аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін бекіту, "Nur Otan" партиясы Қарасай аудандық филиалының Саяси Кеңес құрамына өзгерістер еңгізу мәселелерін қарастырды.
