Абай даналығы
«...Ақындардан білсем де мен талайды,Бәрінен биік қоям(ын)Ұлы Абайды...»Бүгін жалғыз Құнанбайдың ұлы емес, бүкіл қазақ жұртының ұлы бола білген, Тобықты руының атағын шығарып қоймай, қазақ дейтін қалың елді төрткүл дүниеге мәшһүр еткен Абай әлемі жайлы сөз қозғамақпын.Абай жалғыз қазақ халқының ұлы емес, адамзаттың Абайы десек артық айтқандық болмас. Абай- әлем халқы мойындаған дара тұлға. Абай - дархан даланың ұлы ақыны. Ұрпағына әлемдік рухани мұра қалдырған ұлы ақын, ағартушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, жазба әдебиеті мен қазақ әдеби тілінің негізін салушы Абай Құнанбайұлының дүние есігін ашқанына биыл 175 жыл толып отыр.Өзі өмір сүрген заманның нағыз озық ойлысы, елден ерек туған еңселі ері, қараңғы қазақтың шамшырағы атанған ардақты Абайдан алар тағылым мен түйе…
