Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Абай даналығы

«...Ақындардан білсем де мен талайды,

Бәрінен биік қоям(ын)Ұлы Абайды...»

Бүгін жалғыз Құнанбайдың ұлы емес, бүкіл қазақ жұртының ұлы бола білген, Тобықты руының атағын шығарып қоймай, қазақ дейтін қалың елді төрткүл дүниеге мәшһүр еткен Абай әлемі жайлы сөз қозғамақпын.

Абай жалғыз қазақ халқының ұлы емес, адамзаттың Абайы десек артық айтқандық болмас. Абай- әлем халқы мойындаған дара тұлға. Абай - дархан даланың ұлы ақыны. Ұрпағына әлемдік рухани мұра қалдырған ұлы ақын, ағартушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, жазба әдебиеті мен қазақ әдеби тілінің негізін салушы Абай Құнанбайұлының дүние есігін ашқанына биыл 175 жыл толып отыр.

Өзі өмір сүрген заманның нағыз озық ойлысы, елден ерек туған еңселі ері, қараңғы қазақтың шамшырағы атанған ардақты Абайдан алар тағылым мен түйер ойлар орасан зор. Терең түсінген жанға Абай айтқан асыл сөздер - адасқанда жолына жарық болса, сүрінгенде сүйенер сенімді серігіндей болатыны анық. Абайдың ой-тұжырымдары баршамызға қашанда рухани азық бола алады.

Қалың елі қазағының қамын жеп, талауда қалған тағдырына қабырғасы қайысып, қамсыз, қарекетсіз қалпына қынжылса да өмірі мен өнерін ұлтының болашағы жолына бағыштаған, ұрпағына баға жетпес мұрасын мирас еткен Абайдың мәңгілік мұрасы - адамның өмірге келген сәтінен ахиретке дейінгі бар болмысын танытар тәлімдік кодекс. Абай жолы - ақын тыңнан салған жалғыз аяқ соқпақ жол, соқтықпалы жерде мыңмен жалғыз алысып өткен жол, артына өлмейтін сөз, өшпейтін із қалдырған өнегелі жол. Абай кемел ой, кәміл сенімге жетіп, ұлттың ұлы тұлғасына айналды. Абай - қазақ халқының маңдайына біткен данышпаны, шығармалары теңдесі жоқ ұлттық олжамыз, сарқылмас рухани қазынамыз.

Абай әлемі өте шұғылалы, сәулесі жолымызға жарық, білім қуған балаларға бағыт берер бағамы бөлек мекен деймін. Сол нұрлы әлемге, яғни биік білімге біздер мақсатты қадам басайық дегім келеді.

1
0
460

Осы тақырып бойынша

Абай даналығы - Yvision.kz