Челлендж "Менің таңдауым"
МЕНІҢ ТАҢДАУЫМ - САЛАУАТТЫ ӨМІР
Кез келген елдің болашағы – оның халқының денсаулығына байланысты екендігі – дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Ал біздің болашақтағы бағытымыз – салауатты өмір салты. « Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегенді өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңіріп, олардың өз денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыру баршаның борышы.
Адамның денсаулығы - өмір тіршілігінің ең бірінші шарты болып табылады. Сондықтан үкіметіміз денсаулық сақтау ісіне, адамдарымыздың дені сау, ағзасының күшті болуына үнемі қамқорлық жасап отыр.
Шопенгауердің «Дені сау кедей – ауру корольден бақытты»,- деген қанатты сөзі өте орынды айтылған.
Есірткі, нашақорлық – азаматты жұтатын аждаһа екенін бір сәт естен шығармайық!
Өміріміз - өз қолымызда. Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты. Адамға өмір бір-ақ рет беріледі. Бұл ретте оның денсаулығы мықты, рухы күшті болғаны абзал!
Жаңа ғасыр азаматы – дені сау, рухани бай адам!
