Мазмұнға өту

Жаңа

Қаржы саласының қызметкерлері кездесті

15 қараша ұлттық валюта – төл теңгеміздің айналымға енгеніне тура 27 жыл. Елдігіміздің айғағы, тәуелсіздігіміздің тірегі болған ұлттық валюта күніне орай, Түрген ауылында аудандық мәслихат депутаты Гүлмира Мұхтарова қаржы саласының қызметкерлерімен кездесті.

Жиынға қатысушыларды мерекемен құттықтаған Гүлмира Райылқызы ұлттық валютаның қаржы саласында, ел экономикасын арттыруда, жалпы қоғамдағы атқаратын маңызды рөліне, әрі теңгенің – тәуелсіздік нышанының бір айғағы екендігіне тоқталып өтті.

Шара барысында сала қызметкерлері арасында қызу пікір-талас орын алып, ұсыныстар талқыланды.

0
0
138

Татулық дамуға бастайды

«Nur Otan» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңес мүшелері этно-мәдени бірлестік өкілдерімен онлайн-диалог өткізді.

Жиын барысында «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» партиялық бағдарламасы түсіндірілді. Сөз алған аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаев: «Партиямыз еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың бірлігін, еліміздің өркендеуін қамтамасыз ету және әрбір қазақстандық азаматтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы жұмысын жалғастыра береді» – дей келе, бірлік пен ынтымақтастық еліміздің дамуына даңғыл жол ашатындығын айтты. Аталған кеңес мүшесі Бағдат Рахимов алдағы онжылдықта еліміз қуатты да өркендеген мемлекеттердің арасында көш бастайтындығына сенетіндігін жеткізді.

0
0
200

Лирик ақың Тұманбай Молдағалиевтың 85 жылдығымен!

Лирик ақың Тұманбай Молдағалиевтың 85 жылдығымен!

Тұманбай Молдағалиев қазақ жырындағы лирикалық поэманың хас шеберлерінің бірі немесе бірегейі...Саясаттың салқын қабағы жібіп, темір тізгін сәл босаған сәтте жас Тұманбай көптің көптің көкейіндегі көптен күткен арманның нәзік сырын дәл баса білді.

Қазақ жырының ары мен абыройын арқалап, ұлттық поэзиямызды әлемдік биікке көтерген, санаулы саңлақтарымыздың біріне айналған көркемсөз шеберінің өзгеше бітімі мен өрісті поэзиялық әлемі туған халқымен бірге жасары даусыз. Ақынның тұмадай тұнық жыр жаратқан ұлтжанды болмысы мен ақжарқын бейнесі ел жүрегінде мәңгі сақталады.

Қазақ әдебиетінің көрікті бір дәуіріндей болған Тұманбай Молдағалиевтің шынайы классикалық үлгідегі поэзиясы халқымен бірге жасай бермек.

0
0
139

17 қараша күні сағат 14.00-де Ақмола аймақтық филиалының кезектен тыс ХХХIII конференциясы өтеді

Конференцияның күн тәртібі:

-«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы бойынша Сайлауалды бағдарламасын бекіту.

-Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің партиялық тізіміне үміткерлер арасындағы дебаттар бойынша жасырын электрондық рейтингтік дауыс беру нәтижелері туралы.

-Ақмола облысы мәслихаты депутаттарын сайлау үшін партиялық тізімді бекіту туралы.

-«Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХ Съезіне делегаттар тізімін бекіту.

Конференция тікелей эфирде партияның аймақтық филиалының @nurotanakmolaoblysy ресми парақшасында көрсетілетін болады.

https://www.facebook.com/nurotanakmolaoblysy/posts/2766495193567244

0
0
171