Лирик ақың Тұманбай Молдағалиевтың 85 жылдығымен!
Лирик ақың Тұманбай Молдағалиевтың 85 жылдығымен!
Тұманбай Молдағалиев қазақ жырындағы лирикалық поэманың хас шеберлерінің бірі немесе бірегейі...Саясаттың салқын қабағы жібіп, темір тізгін сәл босаған сәтте жас Тұманбай көптің көптің көкейіндегі көптен күткен арманның нәзік сырын дәл баса білді.
Қазақ жырының ары мен абыройын арқалап, ұлттық поэзиямызды әлемдік биікке көтерген, санаулы саңлақтарымыздың біріне айналған көркемсөз шеберінің өзгеше бітімі мен өрісті поэзиялық әлемі туған халқымен бірге жасары даусыз. Ақынның тұмадай тұнық жыр жаратқан ұлтжанды болмысы мен ақжарқын бейнесі ел жүрегінде мәңгі сақталады.
Қазақ әдебиетінің көрікті бір дәуіріндей болған Тұманбай Молдағалиевтің шынайы классикалық үлгідегі поэзиясы халқымен бірге жасай бермек.
