Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Татулық дамуға бастайды

«Nur Otan» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңес мүшелері этно-мәдени бірлестік өкілдерімен онлайн-диалог өткізді.

Жиын барысында «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» партиялық бағдарламасы түсіндірілді. Сөз алған аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаев: «Партиямыз еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың бірлігін, еліміздің өркендеуін қамтамасыз ету және әрбір қазақстандық азаматтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы жұмысын жалғастыра береді» – дей келе, бірлік пен ынтымақтастық еліміздің дамуына даңғыл жол ашатындығын айтты. Аталған кеңес мүшесі Бағдат Рахимов алдағы онжылдықта еліміз қуатты да өркендеген мемлекеттердің арасында көш бастайтындығына сенетіндігін жеткізді.

0
0
164

Осы тақырып бойынша

Татулық дамуға бастайды - Yvision.kz