15 қараша - Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы күні
15 қараша - елімізде ұлттық валюта күні деп белгіленген. Биыл төл теңгемізге 27 жыл толып отыр.
Ұлттық валютаны енгізу тарихында киелі Әулиеата жері ерекше орын алады. Ұлыбританияның «Хариссон» компаниясында басып шығарылған еліміздің төл теңгесі 1993 жылы алғаш бұрынғы Жамбыл, қазіргі Тараз қаласына келіп түскен. Содан кейін ғана еліміздің өзге аймақтарына тараған. 27 жыл ішінде теңге бірнеше рет өзгеріске ұшырады. Қазіргі таңда 500 теңгеден басталған қағаз ақшаның 6 түрі бар. Мамандардың айтуынша, ұлттық теңгенің пайда болуы ел экономикасын дамытуға айрықша септігін тигізді.
