17 қараша - халықаралық студенттер күні.
Осы мереке 1939 жылы 28 қазанда Прага қаласында өткен, чех студент-патриоттарының естелігіне орай өткізілген, халықаралық конгресте бастау алды.3 жылдан кейін, Лондон қаласында, нацизмге қарсы студенттердің халықаралық кездесуінде, осы күн студенттер күні деп белгіленді.«Неміс басқыншыларына қарсы шыққан студенттік шеру барысында, медициналық факультеттің студенті Ян Оплетал алған жарақаттардан көз жұмды. жас жігітті жерлеу рәсімі қайтадан наразылыққа ұласты. Ондаған демонстранттар қамауға алынды. 17 қарашада гестапо студенттер жатақханаларын таңертең ерте қоршап алды. 1200-ден астам студент тұтқындалып, Заксенхаузендегі концлагерьге қамалды. Тоғыз студент пен студенттік қозғалыс белсенділері Прагадағы Рузине ауданындағы түрмесінде сотсыз өлім жазасына кесілді.» - деп тарихи анықтамада жа…