«Жұмыс берушілер мен жұмысшылар арасындағы даулы мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді
Аудандық партияға қарасты Саяси Кеңес мүшелері "Жұмыс берушілер мен жұмысшылар арасындағы даулы мәселелер" тақырыбы бойынша аудандағы әртүрлі салада басшылары мен қызмет атқаратын жұмысшылармен кездесу өткізді. Кездесуде жұмысшыларға қызмет барысындағы өз құқықтары мен келісім-шарт бойынша атқарылатын қызметтері толық түсіндірілді. Жұмысшылардың пікірлері тыңдалды. Жұмыс беруші мен жұмысшылар арасындағы заң бұзушылықтар байқалмады.
