Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

17 қараша - халықаралық студенттер күні.

Осы мереке 1939 жылы 28 қазанда Прага қаласында өткен, чех студент-патриоттарының естелігіне орай өткізілген, халықаралық конгресте бастау алды.

3 жылдан кейін, Лондон қаласында, нацизмге қарсы студенттердің халықаралық кездесуінде, осы күн студенттер күні деп белгіленді.

«Неміс басқыншыларына қарсы шыққан студенттік шеру барысында, медициналық факультеттің студенті Ян Оплетал алған жарақаттардан көз жұмды. жас жігітті жерлеу рәсімі қайтадан наразылыққа ұласты. Ондаған демонстранттар қамауға алынды. 17 қарашада гестапо студенттер жатақханаларын таңертең ерте қоршап алды. 1200-ден астам студент тұтқындалып, Заксенхаузендегі концлагерьге қамалды. Тоғыз студент пен студенттік қозғалыс белсенділері Прагадағы Рузине ауданындағы түрмесінде сотсыз өлім жазасына кесілді.» - деп тарихи анықтамада жазылған.

Қазақстандық студенттер үшін бұл мереке – группамен жиналып көңіл көтеру, қызықты іс-шара өткізу үшін жақсы себеп.

Алайда, осы жылы кейбір студенттер үшін мереке штаттық режимде, мерекелік көңіл-күйсіз өтеді.

«Мен үшін бұл кәдімгі күн. Студент болғаныма 2 жыл бірақ осы мерекені тойламаймын» - Меруерт.

Өз мамандғын қалай таңдағаны туралы сұраққа, осылай жауап берді:

«Осы сұраққа көп ойландым. Мектепте дүниежүзі тарихын таңдағаннан кейін юрист мамандығына оқуға түстім. Мамандық көп таралған болса да, кең. Болашақта юрист дипомы маған керек болатынына сенімдімін» - мойындады студент.

Қазіргі кезде Қазақстанды 126 жоғары оқу орны жұмыс жасауда, студенттердің жалпы саны жарты милионға жуық.

Халықаралық студенттер күні – бүкіл факултеттер мен оқу орындарның символикалық бірігуі болып табылады.

Құрметті студенттер, мерекелеріңіз құтты болсын!

0
0
261

Осы тақырып бойынша

17 қараша - халықаралық студенттер күні. - Yvision.kz