Мазмұнға өту

Жаңа

«Қолжетімді баспана жаңа бағдарламалар жас отбасылардың үміті» «7-20-25» бағдарламасы және «5-10-20»

Бүгін, 18 қараша күні «Nur Otan» партиясының Алатау аудандық филиалында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің өкілі Елдар Айдарұлы Баубектің қатысуымен «Қолжетімді баспана жаңа бағдарламалар жас отбасылардың үміті» «7-20-25» бағдарламасы және «5-10-20» бойынша дөңгелек үстел өтті. «7-20-25» - Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететін ипотекалық бағдарлама. Бағдарлама Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінде айтылған «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» бірінші бастамасының міндеттерін іске асыру аясында әзірленді.

0
0
134

Ауыл шаруашылығы қызметкерлерімен кездесті

«Nur Otan» партиясы Кербұлақ аудандық партия филиалының есеп және статистика сектор меңгерушісі Е. Асанов «Қызықлжар» ӨК барып, жұмыс барысымен танысып қайтты. Өндірістік кооперативтің экономикасының негізгі бағыты - егіншілік. Өндірістік кооператив 2001 жылы құрылған. Жер учаскесінің жалпы ауданы 4347 гектарды құрайды, оның 1449 гектары егіс алқабы.

Биыл күздік бидай 1100 гектардан жиналды, орташа өнімділік 6,9 центнерді құрады. Ал жаздық арпа 408 гектардан жиналды, әр гектардан 5,7 центнерден өнім алынды.

Өңдірістік кооператив жазғы маусымда 46 адамды жұмыспен қамтып отыр. Өңдірістік кооператив мемлекет тарапынан беріліп жатқан көмектерді алып, ауылшаруашылық техникаларын несиеге алып жұмыстарын одан әрі жандандыруда.

0
0
153

"Nur Otan" партиясы Созақ аудандық филиалы

ҒАЛАМШАРДЫ БІРГЕ ҚОРҒАЙЫҚ! 11 – қараша Халықаралық Энергия үнемдеу күні.

Құрметті Отандастар! Nur Otan партиясы Халықаралық Энергия үнемдеу күнімен Сіздерді шын жүректен құттықтайды! Бұрынғылардың «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» деген аталы сөзі бүгінгі мәселердің шешіміне анық нұсқайды.  Сол себепті судың да сұрауы барын естен шығармай, ғаламшарымызды бірге қорғайық!

1
0
144

"Еңбек" бағдарламасының іске асырылуы

2020 жылдың 21 қазанында Үлкен Шаған ауылдық клубында "Nur Otan" партиясының ұйымдастыруымен ауылдық елді мекен жас отбасыларына "Еңбек" бағдарламасының іске асырылу барысы,бағдарламаның тиімділігімен артықшылықтары жөнінде кездесу болып өтті.

1
0
136

Бөкей ордасы аудандық филиалында партиялық бақылау комиссиясы мүшелерімен онлайн кездесу өткізілді.

"Nur Otan" партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалында партиялық бақылау комиссиясы мүшелерімен онлайн кездесу өткізілді. Кездесу барысында жеке тұлғалардан түскен арыз -шағымдары бойынша мәселелер талқыланды.

0
0
118

Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.

Ауыл шаруашылығы саласында ауданда көптеген жеке қожалықтар ашылып, бүгінде олардың барлығы да өз ісін алға жылжытып отыр. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлес қосып отырған ауылшаруашылық қызметкерлері назардан тыс қалған емес. Жыл сайын қараша айының үшінші жексенбісі ауылшаруашылық қызметкерлері күні болып бекітілді. Осыған орай, Бөкей ордасы ауданы бойынша ауыл шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтай отырып, шын жүректен Сіздерге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, ауыл шаруашылықты дамытуға қызмет ету жолындағы адал еңбегіңізге сәттілік тілеймін!.

0
0
146