Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ауыл шаруашылығы қызметкерлерімен кездесті

«Nur Otan» партиясы Кербұлақ аудандық партия филиалының есеп және статистика сектор меңгерушісі Е. Асанов «Қызықлжар» ӨК барып, жұмыс барысымен танысып қайтты. Өндірістік кооперативтің экономикасының негізгі бағыты - егіншілік. Өндірістік кооператив 2001 жылы құрылған. Жер учаскесінің жалпы ауданы 4347 гектарды құрайды, оның 1449 гектары егіс алқабы.

Биыл күздік бидай 1100 гектардан жиналды, орташа өнімділік 6,9 центнерді құрады. Ал жаздық арпа 408 гектардан жиналды, әр гектардан 5,7 центнерден өнім алынды.

Өңдірістік кооператив жазғы маусымда 46 адамды жұмыспен қамтып отыр. Өңдірістік кооператив мемлекет тарапынан беріліп жатқан көмектерді алып, ауылшаруашылық техникаларын несиеге алып жұмыстарын одан әрі жандандыруда.

0
0
127

Осы тақырып бойынша

Ауыл шаруашылығы қызметкерлерімен кездесті - Yvision.kz