Мазмұнға өту

Жаңа

Исатайлық студенттер білім саласының ардагерлерімен кездесті

"Nur Otan" партиясы Исатай аудандық филиалы, "Jas Otan" Жастар қанатының ұйымдастыруымен 17 қараша-Студенттер күні мерекесіне орай "Ұрпақтар сабақтастығы" жобасы аясында аудан студентері білім саласының ардагерлерімен кездесті. Кездесу барысында ұстаздар ұрпаққа үлгі өнеге боларлық өмір жолдарынан сыр шертісіп, ақыл-кеңестерімен бөлісті.

0
0
215

Құрметті қаржы саласының қызметкерлері!

Құрметті қаржы саласының қызметкерлері!Сіздерді 15 қараша – Ұлттық валюта күнімен шын жүректен құттықтаймыз! 27 жыл бұрын осы күннен бастап Қазақстан үшін жаңа тарихи кезең басталды. 1993 жылдың 15 қарашасында сағат 8:00-де төл теңгеміз айналымға енді.Ұлттық валюта — егемен еліміздің экономикалық, нарықтық қарым-қатынасын реттейтін маңызды құрал. Тәуелсіздіктің нышаны мен мемлекеттіліктің атрибуты!Бұл күні Ұлттық валютамен қатар, экономиканың қаржы секторының қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекесін - Қаржыгерлер күнін тойлайды. Барлық кәсіп өздігінше ерекше және маңызды. Сол сияқты Қазақстанның экономикасындағы қаржы әлеуетін дамытуда қаржыгерлердің сіңірген еңбектері орасан.Сіздерге алдағы уақытта да өз кәсіптеріңізді адал атқарып, еліміздің қаржы саласының ырысты-берекелі болуына үлес…

0
0
154

Кәсіпкерлермен кездесу өткізілді

Арал аудандық Саяси кеңес мүшесі Л.Ибраимова "Нәтижелі жұмыспен қамтылу және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" бағдарламасын" талқылау мақсатында кәсіпкерлермен онлайн сұхбат өткізді.

Іс-шараға аудандық жұмыспен қамту орталығы және аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің мамандары қатысты.

Іс-шара барысында кәсіпкерлерге гранттың бөлінуі, кәсіпті одан әрі дамыту жолдары аясында сөз қозғалды.

0
0
188

Құрылыс нысандарын бақылау

"Nur Otan" партиясының Алматы қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Б.Сағынтаевтың "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі тапсырмасын орындау барысында ағымдағы жылдың 18 қазанында "Nur Otan" партиясы Бостандық аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясының мүшелерімен бірлесіп Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы саябақ пен Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайының құрылысына мониторинг ұйымдастырылды. Мониторинг барысында құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес жүргізіліп, нысандар мерзімінде тапсырылатыны анықталды.

0
0
121

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар – партия назарында

«Nur Otan» партиясы аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері бүгін «ZOOM» қосымшасы арқылы онлай форматта аудандағы мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесу өткізді.

Кездесу барысында комиссия мүшесі Асыл Байтулақов «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қоғамдық орындарда жүріп-тұруына жағдай жасалып жатқандығы айтты. Сонымен қатар, оларды жұмысқа орналастыру және қайта оқыту жұмыстары да жүйелі жүргізілуде.

Шарада қатысушылар комиссия мүшелеріне сұрақтарын қойып, ұсыныстарын жеткізді.

Аудан орталығы көркеюде

Nur Otan» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаев Есік қаласының тұрғындарымен тікелей эфирде кездесу өткізді.Шара барысында «2021-2025 жылдарға арналған ауданның әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын» талқылаған Қуат Сұлтанұлы бүгінгі таңда аудан орталығының көркейіп жатқандығын айтты:– Өздеріңіз көріп жүргендей Есік қаласы өркендеп келеді. Көшелерге жөндеу жұмыстары жүргізілуде, жаяу жүргінші жолдары жасалуда, жарық шамдары орнатылуда. Сонымен қатар, мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Бір айдың көлемінде құрылыс жұмыстары аяқталуға тиіс. Оған қоса, көпқабатты үйлер бой көтеріп, пайдалануға берілді. Жаңа 1500 балаға арналған мектептің құрылысы басталып та кетті. Ауыз су құбырының екінші кезеңі жүзеге асып жатыр – деп, аудан орталығындағы игі шарала…

0
0
138