Құрметті қаржы саласының қызметкерлері!
Құрметті қаржы саласының қызметкерлері!
Сіздерді 15 қараша – Ұлттық валюта күнімен шын жүректен құттықтаймыз! 27 жыл бұрын осы күннен бастап Қазақстан үшін жаңа тарихи кезең басталды. 1993 жылдың 15 қарашасында сағат 8:00-де төл теңгеміз айналымға енді.
Ұлттық валюта — егемен еліміздің экономикалық, нарықтық қарым-қатынасын реттейтін маңызды құрал. Тәуелсіздіктің нышаны мен мемлекеттіліктің атрибуты!
Бұл күні Ұлттық валютамен қатар, экономиканың қаржы секторының қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекесін - Қаржыгерлер күнін тойлайды. Барлық кәсіп өздігінше ерекше және маңызды. Сол сияқты Қазақстанның экономикасындағы қаржы әлеуетін дамытуда қаржыгерлердің сіңірген еңбектері орасан.
Сіздерге алдағы уақытта да өз кәсіптеріңізді адал атқарып, еліміздің қаржы саласының ырысты-берекелі болуына үлес қосуларыңызға тілектеспіз!Дендеріңіз сау, еңбектеріңіз жемісті болсын! Мереке құтты болсын!
Құрметпен, "Nur Otan" партиясы Тасқала аудандық филиалы.
