Құрылыс нысандарын бақылау
"Nur Otan" партиясының Алматы қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Б.Сағынтаевтың "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі тапсырмасын орындау барысында ағымдағы жылдың 18 қазанында "Nur Otan" партиясы Бостандық аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясының мүшелерімен бірлесіп Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы саябақ пен Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайының құрылысына мониторинг ұйымдастырылды. Мониторинг барысында құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес жүргізіліп, нысандар мерзімінде тапсырылатыны анықталды.
