«Абай - дара қазақта, Абай - дана қазақта» атты облыстық Абай өлеңдерін оқудан онлайн байқауы
”Жас патриоттар мектебі” әлеуметтік тапсырысы аясында, Приозерск қаласы жастар ресурстық орталығы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай «Абай - дара қазақта, Абай - дана қазақта» атты облыстық Абай өлеңдерін оқудан онлайн байқаудың өтетінін хабарлайды!
Байқаудың ережесі:
Байқауға қатысушы, өзінің әлеуметтік желідегі инстаграм парақшасында Абай Құнанбайұлының бір шығармасын жатқа оқуы керек. Сол видеоға @prio_jastary инстаграм парақшасын белгілеу қажет.
Шығарма 2 минуттық видеодан аспауы тиіс. Видеоның астына
қатысушы аты-жөнін, жасын және Абай Құнанбайұлының шығармасының атын жазу керек.
Видеоны келесі 8 778 516 89 90 немесе 8 747 660 98 36 нөміріне WhatsApp арқылы жолдауы қажет.
prio_jastary мен prio_jasotan әлеуметтік парақшаларына тіркелу керек.
Байқауға Қарағанды облысының 14-29 жас аралығындағы жастары ғана қатыса алады.
Байқау қараша айының 18 жұлдызынан бастау алып 26-жұлдызына дейін жалғасады
Жүлделі орындар орталықтың ресми парақшасында жарияланған видеоларда ең көп лайк, қаралым жинау арқылы, сонымен қатар арнайы қазылар алқасының бағалау парақшасына орай анықталады📷
Байқаудың қорытындысы бойынша І, ІІ, ІІІ орын алған қатысушылар диплом және қаржылай сертификаттармен марапатталады📷
Бас жүлде – 70 000 теңге;
I орын – 50 000 теңге;
II орын – 30 000 теңге;
III орын – 20 000 тенге;
Байқау қараша айының 26 жұлдызы күні сағат 18:00-де аяқталады.
Байланыс телефондары:
Ұлан Алмас📷87785168990,
Жұмыс телефоны:8 (71039)-55216, 8 (71039)-53721
https://www.facebook.com/zhastar.prio/posts/2864148577188076
