Ерлан Қошанов: жылумен қамтамасыз ету мәселесі депутаттардың ерекше бақылауында болады
Кеше Мәжілістің жалпы отырысына жылумен қамту мәселелері туралы Жоғары аудиторлық палатаның есебін тыңдалды.Мемлекет басшысының 2022 жылғы қарашадағы Жарлығына сәйкес, Жоғары аудиторлық палата төрағасы жылына екі рет Мәжіліс депутаттарына есеп беруге тиіс. Бұл – аталған палатаның алғашқы есебі.Жалпы осы саладағы түйткілді мәселелерді талқылау шамамен үш сағатқа созылды.– Өткен қыста Екібастұзда, Петропавлскіде, Риддерде, Рудныйда тұрғындар жылусыз қалды. Бұл – жылдар бойы қордаланған проблемалардың салдары. Мемлекет басшысы осы мәселелерді үнемі бақылауында ұстап отыр. Үкіметке біраз нақты тапсырма берді. Алайда жылу-энергетика жүйесін толыққанды жаңғырту басталды деп айтуға әлі ерте. Жоғары аудиторлық палатаның есебі де осы саладағы олқылықтарды анық көрсетті, – деді Мәжіліс төрағасы.Мәж…







